Лимфоциттер — қанның ақ торшаларының кішірек (6— 10 мкм), дөңгелек түрі. Лимфоциттер адам ағзасында кеңінен тараған жасушалар тобына жатады. Ересек адамның ағзасында 10 лимфоциттер бар, яғни дененің әрбір 10-шы жасушасы – лимфоцит.Барлық лимфоциттердің ортақ көзі – көп қабілетті бағаналы жасушалар және лимфоциттер өздерінің дамуының бастапқы кезің сүйек кемігінде өтеді (эмбрионалдық кезеңде – сарыуыз қапшығымен мен бауырда). Лимфоциттер диаметрі 7-9мкм дөңгелек және сопақша келген ядросы бар, цитоплазмасы аз және цитоплазмалық грануласы өте аз дөңгелекше келген жасушалар.