1.Атмосфера Жердің ауа қабығы.
Атмосфера (грек.atmos-бу және sphaira-шар) –Жер шарының өзімен бірге айналатын және оның тәуліктік, жылдық айналымына қатысы бар газ қоспаларынан тұратын ауа қабаты. Ол газдан, су тамшыларынан, шаңнан, мұз кристалдарынан тұрады. Массасы 5,15.1015т. Жер бетінен жоғарылаған сайын Атмосферарының қысымы мен тығыздығы төмендей түседі де, біртіндеп планетааралық кеңістікке ұласып кетеді. Атмосфера негізінен азот (78%), оттегі (21%), көмірқышқыл газы (0,03%) басқа газдардан тұрады.