Қазақ халқы қашан да еңбекке аса үлкен мән беріп, бала тәрбиесінде де еңбекқорлықты маңызды санаған. Бұған дәлел ретінде «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдардан еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін аңғаруға болады. Ал еріншектік, жалқаулық жақсы қасиетке жатпайды. Тіпті ұлы дана Абай атамыз да еріншектікті бес дұшпанның біреуі санаған.
Сондықтан балаларды кішкене күнінен еңбекке құштар қылып тәрбиелеп, адал еңбекпен тауып жеген нанның тәтті болатынына үйрету керек деп есептеймін.Себебі, біз еңбектенудің арқасында көптеген нәрселерге қол жеткіземіз. Мысалы, күнделікті ішіп- жейтін тамағымыз бен киетін киіміміздің өзі еңбекпен келеді.
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.
Менің ағам адал еңбегінің арқасында өз отбасын асырап отыр. Таң атқаннан бастап, кеш батқанша дейін малды баптап, соның арқасында ақша тауып, күн көріп отыр. Малды бағу да оңай шаруа емес - малдың жейтін шөбі, уақтылы алатын екпелері, жайлауға шығару, су беру деген сияқты шаруалар бастан асып жатыр. Ағам осы мал бағу шаруасына балаларын да баулып, өз еңбегімен тапқан нанның тәтті болатынын өз мысалы арқылы көрсетіп отыр. Сондықтан да «еңбек түбі береке» екенін жадымызда ұстаған абзал.
Қорқыт атаның нақыл сөздері адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік- тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері сөз болды. Қорқыт Атаны жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп қарастыруға болады. Қорқыт ата дана-ақылшы ретінде, біріншіден, даналық толғаныстары мен тұжырымдары, өсиетнамалардан, ғибратнамалар арқылы көрінсе, екіншіден, жырларының идеясы мен ішкі формасынан, үшіншіден, әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңестері мен батасынан сезімдік сипатты тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқатады.