Решение. Смежные углы составляют в сумме 180°, поэтому если два внешних угла треугольника при разных вершинах равны, то равны и углы треугольника при этих вершинах, а значит, данный треугольник — равнобедренный.
Сторона, равная 16 см, может быть либо основанием, либо боковой стороной этого треугольника. Но боковой стороной она быть не может: иначе стороны треугольника были бы равны
16 см, 16 см и 74 см — 16 см — 16 см = 42 см, а 16 см + 16 см = 32 см < 42 см,
в то время как каждая сторона треугольника меньше суммы двух других сторон. Следовательно, эта сторона является основанием, а значит, каждая из боковых сторон равна
(74-16)/2= 29 см.
Ответ. 29 см и 29 см.
Органикалық қосылыстардың барлығының құрамында көміртек атомы бар. Көміртектен басқа сутек, оттек, азот, т.б. элемент атомдары болады. Кейбір органикалық қосылыстардың құрамына күкірт, фосфор, галогендер және металдар кіреді. Ал бейорганикалық қосылыстарды біріктіретін бір ортақ элемент жоқ.
Органикалық химия — көмірсутектер мен олардың туындыларының химиясы.
Органикалық заттардың бейорганикалық заттармен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар.
Органикалық қосылыстарда көміртек атомдары өзара жалғасып, құрамына көп атом топтары кіретін тізбек құра алады. Сонымен қатар көміртек атомдары бірімен-бірі түзу тізбекті, тармақты, тұйықталған цикл түзіп те байланыса алады.
Тізбек құрамындағы көміртек атомдарының саны әр түрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар көміртек атомдары өзара жай (дара) және еселі (қос, үш) байланыстар арқылы байланысады.
Органикалық қосылыстар санының өте көп болуы көміртек атомының жоғарыда айтылған ерекше қасиеттеріне байланысты.
Органикалық заттар, негізінен, көміртек және сутек атомдарынан тұратындықтан, араларындағы байланыстар коваленттік (полюссіз немесе полюсті) болады. Сондықтан органикалық заттарға мынадай қасиеттер тән:
олар — бейэлектролиттер немесе әлсіз электролиттер;
органикалық заттардың арасында реакциялар баяу жүреді (иондардың арасындағы реакциялардың тез жүретінін білесіңдер);
органикалық заттар молекулалық құрылымды болғандықтан, қайнау және балқу температуралары төмен болады;
органикалық заттар қызуға төзімсіз, салыстырмалы төмен температураның өзінде (кейде тіпті 100°С-қа жетпейтін) айырылады;
оттек қатысында органикалық заттардың бәрі дерлік жанады. Көміртек атомдарының арасындағы байланыстар үзіліп, нәтижесінде, көміртек (ЫВ) оксиді түзіледі немесе күйеленеді (көмірленеді) және су түзіледі.