Көлемі ЗО жол. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар шерлі жүректен шамырқанып, толқып шыққан. Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақын үні бірде айбарлы, бірде кекті, бірде мұңлы. Қазақ халқын бөлмей-жармай, түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтік салмағы орасан зор. Ақын алдымен көз алдыңызға мұрты аузына түскен, бір ұрты май, бір ұрты қан, алғашқыда шырайы сартша жылтырап тұрған қазақтың кескінін алып келеді. Осыдан кейін барып оның ішкі әлемін, мінез ерекшеліктерін айқындап аша бастайды.
Болжам таным әдісі ретінде ежелгі заманда-ақ (мысалы, ежелгі Грекия философиясы мен математикасында) белгілі болғанымен, оның ғылыми танымдағы эвристикалық рөлі ХВЫЫ–ХЫХ ғасырларда эксперименттік-математиканың, жаратылыстанудың айрықша жетістіктеріне (Ньютон механикасының дамуы, физика мен химияда атомдық-молекулярлық көзқарастың қалыптасуы, энергияның сақталу және айналу заңының ашылуы, т.б.) орай нақтылана бастады. Қазіргі ғылым философиясы мен методологиясында болжам тек жаратылыстанудың ғана емес, жалпы ғылыми танымның әмбебап әдісі екендігі негізделген. Болжам ғылыми-зерттеудің пәрменділігін арттырады. Ол қисапсыз эмпирикалық ізденістерге шек қойып, ақиқатқа жетуді тездетеді. Таным процесінде бірнеше болжамдар қатар ұсынылып, олар өзара бәсекеде ұштала келе ғылыми теория құруға негіз болатын идеяны нақтылай түседі.
П.С Рад