Солтүстік Америкада табиғат зоналары орналасуының өзіндік ерекшелігі бар. Солтүстігінде табиғат зоналары дәл Еуразиядағы сияқты тәртіппен батыстан шығысқа қарай тұтас белдеулер құрап, ендік бағытта таралады. Ал материктің орталығы мен оңтүстігінде табиғат зоналарының орналасуы меридиан бағытында жүреді. Бұл ең алдымен жер бедері мен климаттық жағдайларға байланысты. Сондықтан өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түр құрамы солтүстігіндегі Еуразияга көбірек ұқсайды. Бұл материктердің көршілес орналасуы мен геологиялық даму тарихының ортақтығына байланысты.