Объяснение:
Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. Экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады. Экологиялық апаттың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді.
Гетеретрофтар - (грекше һетерос - басқа, тропһе - қорек) - қорек ретінде автотрофтар синтездеген органикалық заттарды пайдаланады. Бұларга жануарлар, саңырауқұлақтар және көптеген микроорганизмдер жатады. Қоректің түріне байланысты гетеретрофтар - өсімдіктермен қоректенетін фитофагтарға, жануарлармен қоректенетін - зоофагтарға, өлекселермен қоректенетін - некрофагтарға, жануарлардың соңғы өнімдерімен (экскременттерімен) қоректенетін - копрофагтарға, өсімдіктер шірінділерімен қоректенетін - сапрофагтарга және жартылай ыдыраған органикалық заттармен қоректенетін - детритофагтарға бөлінеді. Гетеретрофты организмдер автотрофты организмдер түзетін барлық заттарды, кейде өнеркәсіпте адам қолымен жасалған көптеген заттарды да ыдырата алады. Оның кейбіреулерін жай ыдыратып, кейбіреулерін ыдырата алмайды. Мысалы, балауыздан анаӘробты жағдайда жер бетіндегі органикаклық заттардың негізгі үлесін құрайтын геополимерлер (қара шірік, кероген) түзіледі. Биосферадағы органикалық заттардың ыдырауында жануарларға қарағанда саңырауқұлақтар мен бактериялардың ролі зор. Автотрофты организмдер менгетеретрофты организмдер бірге қоректік (трофикалық) қатшастармен байланысқан біркелкі боиологиялық жүйені құрайды.[1]