1. Тропосфера қабаты
Тропосфера қабаты бұл атмосфераның ең төменгі қабаты. Жер бетінен жоғарлаған сайын ауаның тығыздығы азаятындықтан бұл қабатта өте көп газ шоғырланған. Жердегі жануарлар мен өсімдіктер осы қабатта мекендейді. Құстар жоғары ұшса, осы тропосфера қабатында ұшады.
Тропосфераның қалындығы әркелкі болады. Экваторда 16-18 км, полюстерге жақын жерлерде 8-9 км, ал орталық белдеулерде 10-11 км шамасында болады. Бұның себебі ауа жылу жерлерде көбірек қызады да, көбірек ұлғаяды. Мысалы экваторларда. Ал суық жерлерде аз жылынады да, аз ұлғаяды. Мысалы полюстерде.
2. Стратосфера қабаты
Стратосфера қабаты шамамен жер бетінен 50-55 километр биіктікке дейін орналасқан. Бұнда ауаның тығыздығы тропосферамен салыстырғанда аздау болады. 10-35 км биіктікте озон көп тараған. Озон бұл жердегі тіршілікті ғарыштан келетің зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғайды.
3. Мезосфера
Мезосфера қабаты бұл шамамен 80 км биіктікке дейін орналасады. Бұнда күміс тәріздес бұлттар пайда болады. Бұлар кәдімгі бұлттардан жоғарырақ орналасады.
4. Термосфера
Термосфера қабатында температура үлкен болады. Жоғары шекарасы шамамен 750 км ал сондағы температура +1000 0С жетеді. Термосфера қабаты иондалған газдардан құралған. Бұл қабаттан жерден жіберілген радиосигналдар шағылысады. Полюстерде Күннің әсерінен поляр шұғыласы пайда болады.
5. Экзосфера
Экзофера қабаты атмосфераның ең жоғарғы бөлігінде орналасқан. Бұнда температура шамамен 2000 0С градус ыстық деп ғалымдар болжайды. Атмосферадағы жеңіл газдар, сутегі мен гелий сияқты, осы қабаттар ғарышқа таралады.
ответ: австралия .австрия.азербайджан. албания. аргентина. армения. белоруссия. бельгия. бермуды. болгария. вклады. обмен валюты.
целевые кредиты компот кетчуп конфеты макароны трибы овощи
холли проводиться в индии каждый год карнавал электрик дейзи 2008 аргентина 24 июля 1990 цой спел в москве песню "группа крови" рок ин рио 2014 бразилия
объяснение: