Түрік қағанаты мен Қытай елі арасындағы орнаған қарым-қатынас шеңбері өте кең əрі екі ел өмірінің барлық саласын қамтиды. Шекаралас орналасқан империялар саяси, дипломатиялық, сауда- экономикалық, əскери, мəдени салада өте тығыз байланыс орнатып, мемлекеттердің даму тарихына əсер ететіндей бір-біріне зор ықпалдарын тигізді. Біз мақаламызда осы сан салалы байланыстың қытай деректері мен соңғы археологиялық мəліметтері негізінде тек кейбір қырларына, түрік-қытай қарым-қатынасындағы соғды көпестерінің алатын орнына, əулеттік некелердің құрылуы жəне Түрік қағанатының көркею тұсында ел басқарған қағандардың қытай еліне қатысты ұстанған саясатына тоқталуды алдыға мақсат етіп қойдық.
жоқ,
Әбілқайыр хан, Әбілқайыр Мұхаммед Қазы Баһадүр хан (1693 — 12 тамыз 1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. 1708 - 1709 жылдары башқұрттар Әбілқайырды өздеріне хан етіп сайлаған. Ол – кейін өзінің күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білушілігімен даңқы шығып, хандыққа қол жеткізген, батырлығы мен өркөкіректігі, ақылдылығы мен билікқұмарлығы, саяхатшылығы мен бірбеткейлігі астасқан қайшылығы мол күрделі тарихи тұлға. 1720 жылы қыркүйек айында қазақ әскері мен орыс-қазақтар арасында Самара өзенінің бойында қанды шайқас болды. Тұтқынға түскен 50 қазақ жігітін өлтіріп, «ерлік жасағаны үшін» атаман Никита Бородин Ресей патшасы І Петрдің мақтау грамотасымен марапатталады.
Объяснение: