ребята из моего класса,только попробуйте взять это эссе!
қазақстан аймақтарындағы тұщы су көздерінің мәселесі қалай шешілуде?
Тіршіліктің басты қайнары су. Оның таза әрі құрамының сапалы болуы а ң өмірі, жалпы жер бетіндегі тіршілік үшін маңызды. Қазір су мәселесі халықаралық мамандарды ерекше алаңдатып отыр. Әлем жұртшылығы судың сапасымен тазалығына мән бермесе алдағы жүз жылда балықтар мен су құстары мүлдем жойылып кетуі мүмкін.
Қазақстанда Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу, Талас Соңғы жылдары бұл өзендердің экологиялық ахуалы нашарлап кеткен. Қазақстан «Трансшекаралық сулар мен халықаралық көлдерді қорғау туралы конвенцияны» 2000 жылдың 23 қазанында ратификациялады. Алайда,көрші Қытай, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғыз республикалары бұл құжатқа қатыспағандықтан трансшекаралық су көздері мәселесін бірлесе шешуде көптеген кедерілер туындауда.
Халықаралық мамандардың су тапшылығымен күрескеніне бір ғасырға жуық уақыт болды.
Бүгінгі таңда суды ең көп пайдаланатын сала ауыл шаруашылығы. Бұл салада суды тиімді пайдаланбау салдарынан су тапшылығы орын алса жер бетінде құрғақшылық пен азық-түлік тапшылығы арта бермек.
Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады. 1830-1929 жылдары 25,5 және 26,6 м көрсеткіштен айнымалы. 1929 жылдан 1977 жылға дейін деңгейдің күрт төмендеуі (-29 м) байқалды. 1978 жылдан бастап Каспий қайта көтерілді, 1995 жылдың басында - 26,5 м-лік көрсеткішке жетті. Жағалауды теңіз суы қайта басты. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км, Қаратон, Теңіз, Прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозашы түбегінде 4-10 км жер су астында қалды. Теңіз суының қазіргі деңгейінің жоғарылауын климаттық жағдайға байланысты түсіндіреді. Каспий суының көтерілуі 45%-ы теңізге құятын өзендер, 16%-ы айдынға жауатын жауын-шашынның молаюы, 25%-ы теңіз үстінен булану мөлшерінің азаюы және 14%-ы Қарабұғазкөл Шығанағына құйылатын суды шектеуге байланысты.
Судың тұздылығы
Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құбылмалы, ал Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2%о болса, орталық бөлігі 10-12%о-ге дейін көбейеді. Орталық және оңтүстік бөліктерінде тұз құрамы онша өзгермейді, әдетте 13-14%о болады.
Табиғаты
Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та көп кездеседі. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі. Бағалы балық — қортпа (белуга) үзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға дейін жетелі, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға дейін барады. Шоқырдың (севрюга) үзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг-ға дейін жетелі. Каспийде олардан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ, т.б. ау даналы.
Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың 260 түрін кездестіруге болады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 млн-дай құс қыстап шығады.