Тасбақалар (лат. Testudines) – бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.
Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті-мүйізді не сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Карапакс теріден дамыған сүйек тақташықтарынан тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа қанаттары және қабырғалар бекиді. Пластронның тақташықтары бұғана мен құрсақ қабырғаларынан құралған. Екі сауыттың біріккен жері тарамыс сіңірмен қозғалмалы түрде не сүйектері кірігіп жалғасады. Екі сауыт арасынан Тасбақалардың басы, мойны, аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде бұларды сауыт ішіне жиып алады. Көру, иіс сезу органдары жақсы дамыған, нашар естиді. Жақтарында тістері болмайды, иегінде тұмсық тәрізді мүйізді қабыршақтары бар. Құрлық Тасбақалары негізінен өсімдік қоректі; тұщы су Тасбақалары балықтармен, қосмекенділермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Тіпті бірнеше айдай қоректенбеуі де мүмкін. Құрлықта шағылысады (бір немесе бірнеше жүз жұмыртқа салады). Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Кейбір түрлері жылына 3 рет, кейде одан да көп жұмыртқа салады. Шар немесе эллипс тәрізді жұмыртқаларының сырты әктасты қабыршақпен (құрлық тасбақаларында), не терілі жабынмен (тұщы су тасбақаларында) жабылған. Инкубация кезеңі көпшілік түрінде 2 – 3 ай (піл тасбақаларында 6 – 7 ай). Табиғи жағдайда 150 жылдай тіршілік етеді.
Тасбақалардың Қазақстанда 2 тұқымдасы: тұщы су тасбақалары және құрлық тасбақалары, олардың бір-бірден түрлері (батпақ тасбақасы) бар. Екінші тұқымдастың жалғыз түрі – дала тасбақасы республиканың оңтүстігінде таралған. 38 түрі мен түр тармағы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]
Атмосфераның ластануы.
Атмосфера дегеніміз - Жерді қоршаған газ қабықшасы. Атмосфера 78% азоттан, 21% оттегіден және болымсыз мөлшердегі басқа газдардан тұрады.
Соның ішінде маңыздысы - ауа - түрлі табиғи газдар қо Ауаның біздің өмірімізде алар орны ерекше. Барлық тіршілік атаулының – адамдар мен жануарлардың, тіпті өсімдіктердің тыныс алуына қажет. Ауасыз өмір болмайтыны баршамызға мәлім. «Ауадай қажет» деген тұрақты сөз тіркесі де осыдан пайда болған шығар.
Бірақ біз табиғаттың бізге берген теңдесіз сыйын дұрыс пайдалана білеміз бе? Соңғы елу – алпыс жылда ауаның құрамы мен сапасы нашарлап, бұл барлық әлемдегі ғалымдарды алаңдатуда. Ауаның ластануы салдарынан экологиялық ахуал да нашарлап, бұл әлемдік деңгейде түрлі мәселелерге әкеп соғуда. Сондықтан дүние жүзі ғалымдары ауаның ластануын болдырмау немесе барынша азайту мақсатында бұл мәселенің шешімін ұсынуда. Мысалы, түрлі химиялық әдістермен тазарту, тау – кен өндірісі мен түрлі зауыттар мен өндірістердің қалдықтарын арнайы сүзгілерден өткізіп тазалау т.б.
Ал біз өз тарапымыздан атмосфераның ластануын болдырмау үшін не істей аламыз? Барлығымыз білетіндей жасыл желек оттегі бөлетіндіктен, ағаштарды көптеп отырғызуға болады. Ал жайқалып өсіп тұрған ағаштардың түптерін әктеп, қадағалап отыру керек. Барлығы өз қолымызда екенін есте ұстап, сіз бен біз болып қоршаған орта тазалығын сақтайық!