Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
Кез-келген мемлекеттің даму барысында шешуші рөлді қалалар атқарады. Әсіресе ірі қалалар. Қалаларда адамдар көп шоғырланып, өте мықты экономикалық және интеллектуалды әлуетті қалыптастырады. Бұл процесс қалалардың өсуіне және ауыл шаруашылығының дамуына себебін тигізеді. Өнеркөсіп, ғылым, білімнің өркендеуі ірі қалалардың экономикалық есуінің діңгегіне айналды. Қалалар және оларды қосатын жолдар аумақтың сүйенетін қаңқасы тәрізді. Жалпы қалалар мен ауылдардың дамуы бір-бірімен тығыз
51
байланысты.
Ірі қалалар - адамның шығармашылық әлуетін дамытуға мүмкіншілік береді. Қалалықтар қызмет түрінің көптеген түрлерін пайдаланып, жайлы қоныстанған және мәдениеттілігі жоғары болып келеді.
Таулар сыры
Әлем құпия мен тылсым сырға толы. Өз басым осындай кұпиялы мекендерге қатты қызғамын. Мен үшін қызықты тылсымға толы елдің бірі Тибет елі. Әлқисса әңгіме осы өңірдегі а өзіне аударған Кайлас тауы жәйында.
Кайлас — әлемдегі ең көп әрі ең ірі пирамидалар орналасқан өлке. Бұған Мысыр не болмаса Оңтүстік Америкадағы атақты пирамидалардың өзі тең келе қоймайды. Мәселен, бүгінге дейін жалпақ жаһандағы ең биік, алып пирамида Мысырдағы Хеопс деп саналып келді. Оның биіктігі — 146 метр. Ал Кайлас тауындағы пирамидалардың кейбірінің биіктігі — 100 метрден 1800 метрге дейін жетеді. Мәселен, бүгінгі ғылымның есептеуінше, Мысырдағы Ұлы пирамида Хеопстың салмағы 6,5 миллион тонна көрінеді (әрине, барлық құрылыс заттарын қосқанда). Ықылым заман тұрмақ, мұндай алып құрылысты жүргізуге, жүздеген тонналық тас қабырғаларды шырқау биікке көтеруге қазіргі жетік техниканың мүмкіндігі келмейді екен.
Қуат көзін үнемдей білеміз бе?
Электр қуатын үнемдеу мәселесі жаһандық деңгейде ерекше маңызға ие. Оның балама көзін қарастыру үшін сарапшылар талай мәрте бас қосты. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу мақсатымен Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы ат басын бұрды. Ол еліміздің бірқатар өңірін аралап, желдің соғу бағытына зерттеу жұмысын жүргізген.
Бізде жел қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар. Алғашқы жоспар негізінде сағатына 1,82 трлн. киловат қуат өндіру көзделген. Ал бағдарламаның екінші бөліміндегі бес мегаваттық жел қуаты бекеті Қытай шекарасына таяу Жоңғар қақпасы маңайынан орын алады.
Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Астана қаласы – 1998 жылдан бастап мемлекетіміздің әкімшілік-саяси орталығы. Сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы уақыт талабына сай дамыған қала.
Астанада Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры , Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Президенттік мәдени орталық, Конгресс-холл, «Жастар» сарайы, «Қазақстан» концерт залы, қалалық филармония және баса да бірсыпыра мәдениет ошақтары бар. Елордамызда көптеген жоғары оқу орындары мен колледждер, мектептер мен балабақшалар, балалар
52
қалашықтары бар. Еліміздің бас қаласында спорттың дамуына да үлкен мән берілуде. «Қазақстан», «Алатау», «Астана» сияқты спорт кешендері, велотрек, мұз айдыны мен «Астана-Арена», Қ.Мұңайтпасов атындағы стадиондар соның куәсі.
Синтаксис ( гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі.
Синтаксистік байланыс — сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін кұрастыратын формалардың көрінісі. Сөздер негізінен бір-біріне бағынынқылық және тен дәрежеде қатынас жасау арқылы Синтаксистік байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптаскан:
Синтетикалық байланыс — сөздердің қөсымшалар арқылы бір-біріне бағына байланысуы: жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу. Синтетикалық байланыс сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады.
Аналитикалық байланыс — сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация арқылы тен дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш курек, осы ауыл. Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады.
Синтаксистік емес категориялар — жасалу формасы жағынан сөйлемдегі басқа формаларға тәуелді емес, яғни сөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге бағыныштылығы байқалмайтын лингвистикалық категориялар. Бұған, мысалы, сын есім шырайларын, етістіктің етіс түрлерін, зат есімдердің көпше түрін жаткызуға болады. Синтаксистік категорияларға қарама-қарсы құбылыс.
Синтаксистік категориялар — сөйлемдегі бір сөздің не форманың баска сөзге не формаға бағыныштылығын білдіретін лингвистикалық категориялар. Мысалы: зат есімнің септік жалғаулары, синтаксистік Жақ категориясы, байланыс түрлері т.б. Синтаксистік емес категорияларға қарама-қарсы құбылыс.
Синтаксистік қатынастар — синтаксистік құрылымдардың (сөз тіркестері, сөйлемдер) компоненттері арасындағы қатынастар. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориалды-семантикалық, грамматикалық қасиеттеріне негізделеді. Синтаксистік қатынастардың көп кездесетін түрлері предикативтік, атрибутив/атрибутивтік, объектілік, пысықтауыштық т. б. қатынастарға байланысты.
Синтаксистік құрылым — белгілі грамматикалық белгілердің негізінде бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі. Мысалы: сөзтіркесінің Синтаксистік құрылымы есімді немесе етістік тіркестерден әр түрлі жолдармен жасалса, жай сөйлемнің Синтаксистік құрылымы жеке сөздер мен синтагмалық топтардан жасалып, предикаттық, айқындауыштық немесе жақты, жақсыз, қыстырынды т. б. құрылымдарда көрінеді.
Синтаксистік мағына — синтаксистік категориялар мен құралдардын ішкі мазмұны. Сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі тіл құралдарының өзара байланысынан, қарым-қатынасынан туады. Мысалы: предикаттық (баяндауыштық) мағына, бастауыштық (тәуелсіз заттық) мағына, толықтауыштық (тәуелді заттық) мағына, аныктауыштық (заттың тәуелді белгісі) мағына, пысыктауыштық (белгінің белгісі) мағына т. б. түрде көрінеді.
Синтаксистік талдау — сөйлемді түрлеріне, сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне қарай талдау.