Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында.
Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді.
«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».
Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді.
Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда.
Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!
1.Алдар Көсе және мақтаншақ бай Дастархан басында қымыз ішіп отырған (жас, кәрі, шал т. б.) Алдар Көсені мақтап отырады. Ол сөздер қисайып жатқан қызғаншақ байдың ұйқысын бұзып, Алдар көсені мақтаған сайын дөңбекшіп жатады.- Елде Алдар Көседей ақылды адам жоқ қой.- Алдар Көсені ешкім жеңе алмайды десейші.- Иә, Алдар Көседей тапқыр кемде кем ғой.Мақтаншақ бай: (күйініп, атып тұрып, әрі - бері теңселіп) Алдар Көсе, Алдар Көсе деп қоймайсыңдар. Кездеспей жүр ғой ол маған! Аяғын аспаннан келтірер ем! (күпініп)Бесті қымызға мас болған жігіт: Ой, бай - еке, мақтанбаңыз! Алдарды жеңемін деп айтпаңыз, қалай түсіп қалғанын сезбейді жұрт - ол бұғып жатқан қақпан.Кемпір: (іле - шала) Өздігінен тиіспейді. Тиіскенді аямайды десеңші...Мақтаншақ бай: (ызаланып) Жо - о - оқ! Қайткенде де жеңбей тынбаймын! Ақыл айқасында, қулық шайқасында мен оны тірілей өлтіремін! Ал егер алдай алмасам, айыбыма ту бие сойып, бәріңді шақырамын. Маған оны жеңу емес, кездесу, кездестіру қиын боп жүр. Әйтпесе...(Бай желмаясымен желіп бара жатып, бейтаныс біреуге көзі түседі. Бейтаныс бірдеңе іздеп жүрді. әрі - бері жүріп, бейтанысты шыр айнала береді) Бай: Әй, миғұла, неғып мәңгіріп жүрсің? Не жоғалтқаның бар?Бейтаныс: (Алдар Көсе) Жоғалтқан ештеңем жоқ. Бірақ іздеп жүргенім рас...Мақтаншақ бай: (жұлып алғандай) Не іздеп жүрсің сонда?Бейтаныс: (Алдар Көсе) (асықпай) Жердің бір шетін яки басталар жерін осы тұста екенін, жақсы білем. Бірақ анықтай алар емеспін. Шөп басып кетіпті. Жоғарыдан қарасам, тез табар едім. Бірақ бұл арада шығып қарайтын тау да, төбе де жоқ. Бай: (сабасына түсіп) Түйеге мінсең көрінер ме еді?Бейтаныс: (Алдар Көсе) Көрінгенде қандай!Бай: Бірақ менде кейін жердің бір ұшығын екеуміз бірге тапқанбыз деп айтып жүретін болсаң. Сонда абырой - атақ, қадір - құрмет екеумізге ортақ болады. Келістік пе?Бейтаныс: (Алдар Көсе): (миығынан күліп) Әрине! Әрине!Мақтаншақ бай: (Бай түйеден түсіп, жоқ іздеуші мінеді) Қалай көріне ме жердің пұшағы?Бейтаныс: (Алдар Көсе): (түйенің бұйдасын қолына бері ұстап) Жоқ, Жердің пұшағын көріп тұрғам жоқ. Бірақ біреулердің ақымағына көзім жетті. Бұдан былай қарай елге Алдар Көсе екеуіңіздің жердің әлгі пұшпағын қалай бірігіп іздегеніңізді айтып мақтануыңызға болады. Мақтаншақ бай: (ызаланып)Не деп оттап тұрсың? Қайдағы Алдар Көсе?! Түйемді қайыр, қарақшы! Алдар Көсе: (шауып бара жатып) Қуып жетсең, аласың! Егер қуып жете алмасаң, масқара боп қаласың! (Ақымақ бай аузын ашып қала береді) Мақтаншақ бай: (үйіне жаяулап - жалпылап, сүйретіліп кіріп келеді) Әйелі: (шошынып) Не боп қалды? Түйең қайда?Мақтаншақ бай: (жыларман болып) Түйе жоқ! Түйеден айырылып қалдым! Алдар Көсе алып кетті! Масқара қылып кетті. Әйелі: (шашын жұлып, жер сабалап, ойбай салады. Халық жиналып қалады)– Түйеңізді қайтып алып қойды?– Күшпен бе, қулықпен бе?Мақтаншақ бай: (одан бетер ашуланып) Қулықпен, айламен, әрине!(жастар қарқылдап, кәрілер миықтарынан күліп, бүкіл ауыл мәз болады) - Масқара болған екенсің!– Өзіңе де сол керек!– Мақтаншақ неме!– Тфу, түкірдім бетіңе!– Айтқаныңды істе.- Иә, иә соны айт!– Тез елді шақыр!(Жұрттың бәрі уласып-шуласып дастарқан басына келгенде, Алдар Көсе кіріп келеді).Алдар Көсе: (күліп) Бай - еке, түйеңізді алыңыз! Бірақ құлақ салыңыз! Өсер бала данаға қарап жүгіреді, өлер бала молаға қарай жүгіреді. Алдар Көсемен айқасып не шаруаңыз бар еді?(Бай ес түссіз, отырып қалады, халық Алдар Көсеге деген сүйіспеншілікпен қарайды)Шымылдық.
Объяснение: