М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Chechenec001
Chechenec001
17.05.2023 10:01 •  Қазақ тiлi

Астана опера туралы шағын мақала

👇
Ответ:
Milana8211
Milana8211
17.05.2023

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы Астанамыздың 15 жылдығына сыйлық ретінде ашылған болатын.

Бүгінде елордамыздың көз тоймас жауһарына айналған «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры әлемдік стандарттарға сай техникамен жабдықталған. Театр әлемдік классикалық үлгіге сай ұлттық нақышты ескере отырып салынған болатын. Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры өзінің асқан әсемдігімен таңқалдырады. «Астана Операның» жоспарлануы мен құрылысына отандық мамандардан басқа, Ресей, Италия, Швейцария, Марокко және Албания шеберлері де қатысқан.

Үлкен зал 1250 орынға, Камералық зал 250 орынға есептелген. Мемлекеттік опера және балет театрының дыбыс сапасы өте жоғары деңгейде. Акустиканы реттеуде Италия және Германия смамандары атсалысқан.

Театрдың шымылдығы 2013 жылдың 21 маусымында салтанатты түрде М.Төлебаевтың «Біржан Сара» операсымен ашылды.

«Астана Опера» барлық көрермендер үшін ыңғайлы етіп салынған, тіпті мүмкіндіктері шектеулі көрермендер де еш кедергісіз театрға кіру үшін арнайы лифт пен орындықтар ескерілген.

4,7(99 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
bogdanb13
bogdanb13
17.05.2023

наурыза мейрамдасының уақыты табиғи көріністе негізде- - сол, ана бол- жылдың табиғи түбі көктемнің равноденствия күні.наурыза мейрамдасы түрлі ұлттық ойын-сауықпен, жарыстармен және көріністермен, соның ішінде қанық, концерттермен халықтың әнінің және бинің орындауымен. к наурызу повсеместно басты дәстүрлі табақ - наурыз-коже дайындалады, өмірдің 7 элементін символизирующих 7 ингредиенттен деген құрал-. сол, тұз, май, ұн, мақсымдар және сүт су, ет. осы ингредиенттер қуанышты, сәттілікті, ақылмандықты, денсаулықты, әл-ауқатты, жылдамдықты, бойды және тәңірлік ықты символизируют.ара казахстане в күндер наурыза мейрамдасының Ақыновтың жарыстары өтеді, жарыстар спорттың ұлттық көріністерінде ұйымдастырылады, концерт және театрализованные тамаша.
,, барысында наурыза мейрамдасының жайғайтын жаппай іс-шаралар ша барлық елге, музыкамен және әндермен толы қазақ тоя атмосферасын жасайтын, вселяющую в адамдарға қуанышты көктемнің көңіл-күйінің, бейбітшілдік және барлық халық бірлік түйсік.

время празднования наурыза основано на природном явлении - это день весеннего равноденствия, то есть природное начало года.празднование наурыза насыщено различными национальными развлечениями, соревнованиями и зрелищами, в том числе, концертами с исполнением народных песен и танцев. к наурызу повсеместно готовится главное традиционное блюдо - наурыз-коже, состоящий из 7 ингредиентов, символизирующих 7 элементов жизни. это вода, мясо, соль, жир, мука, злаки и молоко. эти ингредиенты символизируют радость, удачу, мудрость, здоровье, благосостояние, скорость, рост и божественную защиту.в казахстане в дни празднования наурыза проходят состязания акынов, организуются соревнования в национальных видах спорта, концерты и театрализованные представления.
массовые мероприятия, организуемые во время празднования наурыза, создают по всей стране атмосферу казахского тоя, наполненную музыкой и песнями, вселяющую в людей радостное весеннее настроение, миролюбие и ощущение единства всего народа.

4,5(94 оценок)
Ответ:
милка328
милка328
17.05.2023

 

Заттың түрін, түсін, сапасын, белгісін білдіретін сөз табын сын есім дейміз. Мысалы: қызық (кітап), өнерлі (адам), жақсы (хабар), бойшаң (бала).

Сын есім қандай? қай? деген сұрактарға жауап беріп, сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы: Қызық кітап оқыдым.

Сын есім етістіктің алдынан тіркесіп, пысықтауыш болады. Мысалы: Ол жақсы оқып, жақсы жүреді.

Сын есім сөйлемнің баяндауышы да болады. Мен үлкенмін, сен кішісің.

Тұлғасына қарай сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді.

Негізгі сын есім: қызыл, кәрі, жұмыр, сары, күрең, нашар, сұр, үлкен.

Туынды сын есім: ұялшақ, үлгілі, әсемпаз, өнерлі, күзгі, таулы.

Туынды сын есім сын есім тудырушы жұрнақтар арқылы жасалады.

 

САПА СЫНЫ МЕН ҚАТЫСТЫҚ СЫН

Шырай арқылы түрлене алатын сын есімнің түрін сапа сын дейміз. Мысалы: жақсырақ, көңілдірек, өте көңілді, жап-жасыл, сарылау, бозаң, үп-үлкен.

Шырай арқылы түрлене алмайтын сын есімнің түрін қатыстық сын дейміз: қалталты, көйлексіз, күзгі, байпақшаң, қалалық (комитет).

 

ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ СЫН ЕСІМДЕР

Сын есім заттың сындық сапасын бір сөз арқылы да, көп сөз арқылы да білдіреді. Мысалы: үлкен, нашар, жасыл, тар, әдемі, кіші, қара күрең, үлкенді-кішілі, сары ала, қара тонды.

Күрделі сын есімдер бір лексикалық мағынада, бір сөйлемнің мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: Бөлмеге жуантықтау орта жасты, жирен шабдар әйел кірді (С. М.).

Күрделі сын есімдердің жасалуы мынадай:

1)        Негізгі    сын есімдердің  тіркесуі   арқылы   жасалады. Мысалы: қара ала, ақ шабдар.

2)   Негізгі сын мен туынды    сынның тіркесі арқылы жасалады. Мысалы: көк көйлекті, қара қалпақты.

3)        Сын   есімдердің қосарлануы    арқылы жасалады. Мысалы:    үлкенді-кішілі, ақтылы-қаралы,   үлкен-үлкен,
жақсы-жақсы.

4)        Тұрақты тіркестер   арқылы жасалады.   Мысалы: тонның ішкі бауындай.

 

СЫН ЕСІМНІҢ ЗАТТАНУЫ (СУБСТАНТИВТЕНУІ)

Сын есім өзінін сындық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға да ие болып колданыла алады. М ы с а л ы:  күштімен алыспа, үлкенді сыйла.

Мұндай сын есімдерді заттанған сын есімдер дейміз. Заттанған сын есімдер әдетте өзі қатысты заттың орнына жұмсалады. Мысалы: Үлкен адамды сыйла — ҮлкендІ сыйла.

 

СЫН ЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛАРЫ

Заттың сындық сапасының басқа заттан артық-кемдігін білдіретін сын есім мағынасын шырай дейміз. Қазақ тілінде 2 түрлі шырай бар: 1) салыстырмалы шырай, 2). күшейтпелІ шырай.

4,4(50 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ