Жазғы демалыс жайлы диалог
- Оқу жылының аяқталуына да бірер күн қалды. Бекболат, сен жазғы демалыста не істейсің?
- Биылғы жылғы жазғы демалысты тағатсыздана күтіп жүрмін, себебі ата – анам туған күніме арнайы ағылшын тілін үйрену үшін Лондонға жолдама сыйлаған болатын.
- Не деген керемет сыйлық! Сен үшін өте қуаныштымын! Қашан жол жүрмексің?
- Маусымның бірінде жолға шығамын.
- Жалғыз өзің шетелге шығуға қорықпайсың ба?
- Жоқ, қорықпаймын, себебі мен жалғыз бармаймын, ағылшын тілін шыңдау мақсатымен қаламыздағы басқа мектеп оқушылары да менімен бір топта болады.
- Е, онда жақсы екен. Аман – есен барып келуіңе және біліміңді шыңдап келуге тілектеспін.
- Көп рахмет, Мәди. Бар ынта – жігерімді осы оқуға арнаймын ғой, себебі мен өз болашағымды шет тілдерімен байланыстырамын.
- Жақсы, көріскенше!
- Сау бол!
ответ:Әр елдің болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдері болады. Сондай кезеңдердің бірі – астанамыздың Сарыарқа төсіне қоныстануы болды. Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, еліміз үшін жаңа тарихтың басталғаны белгілі. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үлкен мақсаттарды алға қойды. Осы тұста Елбасымыздың көкірегінде қайнап піскен, Елорданы Ақмолаға көшіру туралы идеясы ешбір кедергіге, кейбіреулердің күдіктеріне қарамастан іске асып, бүгінде ел мақтанышына айналып, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды. Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, еліміз үшін жаңа тарихтың басталғаны белгілі. Астана осынау 18 жылдың ішінде әлемге танылды және елімізді әлемге танытты. Ондағы зәулім сарайлар мен сәулетті үйлер бір-бірімен үйлесіп, қаланың көркіне көрік қосып тұрғандай.