...Қасыңдағы кісінің айтқандары көңіліме кіріп тіленшілікті тастап, жұмысқа кірдім. Ісім нық, малыма күтімді болдым. Мінеки осы зор дүкеннің иесі болдым. - Дүние қалай етсең табылады?
Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет ете берсең, көңілге жел кіргізеді. Сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиіркеніп, көз салмай кетермін... - Атымтай Жомарт
Көшпелі халық белгілі уақытта малын, жүн- жабағысын, тері-терсегін келтіріп, егіншілер Оларға астығын, тауарын айырбас етіп, осы қалпынша бір жағы егін, бір жағы саудамен жұрты асқан бай болыпты. - Қыпшақ Сейтқұл
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің? - О, Ақтан жас, Ақтан жас!
Объяснение:
XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады.
Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында өздерінің беделінен айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп шенеуніктерінің бірі ғана деп қабылдады. Оның үстіне, тап сондай дәрменсіз билеушілердің саны да көбейіп бара жатты. Патша үкіметі әр жүздің (Кіші жүз бен Орта жүздің) бұрыннан бар хандарының қатарына жаңа хандарды қосып отырды. Мәселен, 1812 жылы Кіші жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі қазақтарға Бөкей сұлтан өз алдына жеке хан болып шыға келсе, 1815 жылы Орта жүзде Уәли ханмен қатар және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды.
Екіншіден, бұл кезде патша үкіметі Кіші жүзді де, Орта жүзді де бірнеше әкімшілікке бөлшектеген еді. Мұның өзі патша үкіметінің көшпелі қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. 1788 жылы Ертіс бойындағы қазақтардың сұлтан Сұлтанбек басқарған бір бөлігі Ертіс өзенінің оң жағында «мәңгілік көшіп-қонып жүру» құқығына ие болды. Сөйтіп Орта жүз бірі Ертістің оң жағалауы, екіншісі Ертістің сол жағалауы болып екіге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кіші жүзден бөлінген Ішкі Орда құрылғанын айттық. Оның үстіне, 1808 жылғы ашаршылық кезінде Кіші жүздің 20 мыңға жуық қазағы башқұрт кантондарының аумағына уақытша көшірілді. Бір кездегі біртұтас жүздердің арасында ендігі жерде ешқандай да еркін байланыс жасау мүмкіндігі қалмады, өйткені ондай байланыс жасауға қатаң тыйым салынды.
Егер мен призедент болсам мен тек өзі басымды ғана емес халықтың да жағдайын ойлаушы едім.Ескі қалаларды жаңартып,көркейтер едім.Және елімізде жетімдер,қарттар үйін жауып тастар едім.Және жылаған аналарды,қарттарды керісінше қуантар едім.Кедей үйі күйі жоқ адамдарға үй салып берер едім.Бәріне қамқор болып олардың жылап,жаман өмір сүргеніне жол бермес едім.Әттең бірақ призедент емеспінПризедент болсам елім үшін бәріне дайын болар едім.Ақшаны мүлдем ойламас едім