Тапсырма.
мәтіндегі қате жазылған сөздерді тап. себебін түсіндір.
спорт денсаулықті жақсартады. спорттың барлық түрі денсаулыққа пайдалы. спортның ең
көп тараған түрі — жеңіл атлетика. оған әртүрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен
биіктікке секіру, спорттық снарядларды лақтыру жатады. жеңіл атлетикаден жарыс ашық және
жабық (манеж) алаңдарда өтеді. жарыс жеке, командалық және эстафеталық болып бөлінеді.
мен мектепте жүгіруге қатысамыз. мектепішілік жарыста 100 метрге жүгіруден бірінші орын
алдың. ертөре биіктікке секіруден екінші орын алдыңыз. ал толя ұзындыққа секіруден үшінші
орынды иеленді. менің достарың спортпен айналысқанды жақсы көреді.найдите ошибки в тексте на кз
Жылы жаққа ұшатын құстар
Жылы жаққа ұшатын құстарды "жыл құстары" деп атайды. Наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Енді солардың ішінде кейбіреулеріне тоқтала кетейік:
Аққу - жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді.
Сүңгуір үйрек – жыл құсы. Ұяларын тайыз суға, бөген не көл жағалауларына салады. Сәуір – мамыр айларында 5 – 14 жұмыртқа салып, оларды мекиені 4 аптадай басады. Балапаны 1,5 – 2 айда қанаттанып, өздігінен ұша алады. Сүңгуір үйрек су өсімдіктері және омыртқасыздармен қоректенеді.
Шағалалар да жыл құстары.Олар жақсы ұшып, жүзеді, бірақ суға сүңги алмайды. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа, аяқ саусақтарының арасы жарғақты. Шоғыр құрып тіршілік ететін түрлері де бар. Ұясын жерге, шың басына, судағы жартасқа шөптен жасайды. Ірі жәндіктермен, моллюскалармен, тышқан тәрізді кемірушілермен, балықтармен қоректенеді.