М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
jodydonig
jodydonig
18.10.2022 09:43 •  Қазақ тiлi

Бакдаулет соз курамына талда ар соз неше тубирден куралган

👇
Открыть все ответы
Ответ:
никита3497
никита3497
18.10.2022
Кіші атамыз (бәріміз Әлім атаны солай атай­тынбыз) шынында да нағыз ғұлама. Үйіне қашан барсам да қолында кітабы, сәлем алып, қысқаша жөн сұрасқаннан кейін қайтадан өз кәсібіне икемделген соң, ақырындап бөгет жасамайық деген сыңаймен шығып кететінбіз. Бірақ ауыз үйде Биғайша апамыз шай жасап күтіп отыратын, жарықтық. Кіші атам шайға кейде ғана келетін, көбінесе апаммен сұхбаттасып, шай ішіп үйден разы болып аттанатынбыз. Себебі, мен де, өзге туыстар да кіші атамның үйін қасиетті деп санайтынбыз, бұл бір. Екіншіден, бұл Сексенбай бабамыздың шаңырағы деп есептелетін. Өткен-кеткенде кіші атамның үйіне арнайы барып сәлем бермеу, мен үшін әдепсіздік. Әкем осылай деп менің санама әбден құйып тастаған. Өз тарапымнан кіші атамды ерекше жақсы көремін, ол араб, парсы тілдерін жетік меңгерген әрі кісі емдейтін қасиеті бар ерекше жан. Мен өз атам Есімнің інісі Әлімнің қатар өмір сүрген кездерін ғұмырымның сәулелі күндері, жылдары деп анық айта аламын. Себебі, олар заманының кемеңгерлері еді. Бұл жұрт пікірі, менің оған алып-қосарым жоқ. Ағайынды екеуі елдің ырысы да, құты да еді.
4,6(18 оценок)
Ответ:
ulyana1512200214
ulyana1512200214
18.10.2022

Қазақстанның көрікті жерлері.


Кезекті география сабағы еді.Үй тапсырмасына “Қазақстанның көрікті жерлері” деген тақырып берілді.Мұғалима менің есімімді атап,тақтаға шақырды.Мен:“Қазақ халқында “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” деген даналық сөз бар.Сол секілді,менің туған жерімде өзге еш жерде кездеспейтін әсем жерлер мен қасиетті мекендер бар.Сондай мекендердің бірі,“кіші Швейцария” деп аталып кеткен – Бурабай.Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады.Бұл жердің әсем табиғаты,көптеген қонақүйлері, шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында “екінші Швейцария” деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.

Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштері бар.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.

Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.

4,7(58 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ