Бауырсақ дайындау.
Бауырсақ – қазақ халқының ұннан дайындалатын ұлттық тағамының бірі. Бауырсақсыз кез – келген мерекелік отырысты, той – думанды елестету мүмкін емес. Әрбір отбасының өзіндік бауырсақ дайындау ерекшеліктері болады. Мысалы, анам әдетте бауырсаққа сүт қосып жасайды, сонымен қатар айран тұрып қалса, қамырға айранды қосып та істей береді. Ал әжем болса, бауырсақты тоң майға қуырады.
Сонымен, анамның бауырсақ істеу тәсілімен бөлісейін.
Қажетті заттар:
Бір кесе жылы су
Жарты кесе сүт
Ашытқы (көз мөлшерімен) бір шай қасықтай
Бір жұмыртқа
Екі ас қасық сұйық май
Қант екі ас қасық
Тұз қалауыңызша
Ұн керегінше
Дайындалуы:
Анам алдымен ұннан басқа құрғақ заттарды араластырып алады. Одан кейін жылы су мен сүтті, сұйық майды араластырып, жұмыртқа қосады. Үстінен араласқан құрғақ заттарды қосып, жақсылап араластырады. Одан кейін керегінше ұн қосып, қамыр басады. Дайын болған соң терең ыдыстың түбіне май жағып, қамырды салып, бетін жабады да, жылы жерге бір – екі сағатқа қояды. Қамыр көтерілгеннен кейін, екі бөлікке бөліп, әрқайсысын қатты жұқа қылмай илеп, ромб тәріздес кеседі. Май қызғанша кесілген бауырсақтарды орамалдың астына қояды. Май қызғаннан кейін бауырсақтарды екі жағынан қуырады.
Астана күні - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі. 6-шы шілде тойланады. Астана күні 1998 жылдан бері тойлануда. Бүл күні бүкіл Қазақстан бойынша мерекелік шаралар өтеді. Концерттер, көрмелер ұйымдастырылады. Заманауй музыка, ұлттық музыка, балалар творсестволарына мəн береді. Эстрада жұлдыздарының қатысуымен жер-жерлерде Open air фестивальдары өтіп акқымды тойланады.
Объяснение: