Айтылым
берілген тақырыптардың бірін тандап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. (6-8
сөйлем). диалог құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің
интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.
[10]
ұсынылатын тақырыптар
11. еліміздегі бір қорық туралы айтып беріңіз.
2. «қызыл кітап» не үшін қажет?
3. астана «мәдениетті қала» деген пікірмен келісесіз бе?
4. елордадағы бір өнер ордасы туралы айтып беріңіз.
5. біздің халық қуат көзін дұрыс үнемдеп жатыр ма?
6. қуат көзін үнемдеудің пайдасы бар ма? неліктен?
(pus фото
Сөйтіп, Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылдың қысы мен жазғытұрымында Абайдың өлең¬дерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Ал, жа¬дырап жаз келгенде бұл екеуі Абай мұра¬сын көрші әрі туысқан есебінде болған Мүр¬сейіт Біке баласы деген молданың қолына бе¬ріп, әдемілеп көшіріп жазуды тапсырады. Көркем (ескіше хұсни) жазудың хас шебері Мүрсейіт молда, Әрхамның куәлігінше, ар¬найы тігілген қоста отырып, өз жұмысын бір айда аяқтап шыққан екен.
Аға буын зерттеушілер көп зерделеген бұрыннан мәлім мағлұматтарды қайталап жатудың қажеті шамалы. “Абайдың алғашқы жинағы баспаға қалай әзірленді?” деген сұ¬рақ¬тың, біздіңше, бүгінгі күні бір ғана астары қалған сияқты. Ол – аталмыш жинақтың шығуына шәкірті Шәкәрімнің қосқан үлесі қандай еді деген мәселе. Төменде осыған баса назар аудармақпыз.
Бірден айтайық, Абай өлеңдері мен қара¬сөздерін жинастыру барысында Шәкәрім мынадай істерді атқарды деп санамалап өту қиынға соғады.