Қазақ батырлары туралы.
Ел тағдырын бәрінен биік қойған, ұлттың тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни, олар ұлттық тұлға болған. Осы ұлттық тұлға тұғырына көтеріліп, аты аңызға айналған, тарихта есімдері қалған, келер ұрпаққа үлгі болатын сан мыңдаған батырлар бар.
Қазақ ұлтының бағына орай әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Ұлт содан аман қалып, көптен аңсаған Тәуелсіздікке де қол жеткізіп, Қазақ елі жаудың қолында кетпеді. Осылайша, ол шеті мен бұл шетіне құс қанаты талатын казіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, ата мекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды. Бүгінде есімдері тарихқа алтын әріптермен жазылған Абылай ханның бас қолбасшылары саналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бір төбе болса, тағы да осылардың қатарында бір шоғыр қазақ батырларының: Қарасай мен Ағынтай, Саңырық пен Тайлақ, Өтеген мен Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Бөлек пен Сатай, Жәнібек пен Тілеуке, Қылышбек пен Естенбек, Есенқұл мен Сыпатай сынды ақберендердің есімдері де айрықша жарқырап көрінеді. Қай-қайсының болмасын өзіндік ерекше орны бары анық, халық оларды ерекше құрметтеп, ән мен жырға қосқан. Ендігі біздің міндетіміз - осы батырлар бізге аманаттап қалдырған бейбіт еліміздің Тәуелсіздігін тұғырлы етіп, одан әрі көркеюіне үлес қосу.
Тапсырма
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Тілші:
- Шиелілік қыз-келіншектер соңғы кездері жоғалып бара жатқан киіз басу өнерін қайта жаңғыртып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасай бастады. Қолдан жасалған бағалы бұйымдар ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесінде туристер назарына ұсынылмақ.
Шетелдік қонақтарды қызықтыратын да осы қолдан жасалған қолөнер бұйымдары. Әсіресе, ұлттық нақышта дайындалған кәдесыйларға деген сұраныс жоғары.
Айжан Бекқұлова, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы:
- Әрине, тек сыйлық ретінде ғана емес, сондай-ақ тұрмысқа қажетті текемет, қамзол, көйлек, етік, қолғаптардың да сан түрін жасауға болады. Қазір қолдан жасалған экологиялық таза заттарға сұраныс жоғары. Сондықтан да біз Қызылордада туризм саласын дамытуға жұмыс жасап жатырмыз. Әуелі қыз-келіншектерді оқытып, үйретіп алмақпыз. Сонан соң дайын өнімдерді көрмеге қою, сайттарға шығару, сату жұмыстарымен айналысамыз. Маған тренингке қатысып жатқан қыздардың белсенділігі өте ұнады. Барлығының да қызығушылықтары мол, ерекше ынта-жігермен іске кірісіп кетеді. Қазақы дәстүрді жалғастырып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасау – өте маңызды кәсіп.
1. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз.
Сұрақтар
1.
2.
2. Мәтіндегі мәселені анықтаңыз.
3. «Ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың тиімді жолдары қандай?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Объяснение: