М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
verayusupova86
verayusupova86
24.02.2022 13:19 •  Қазақ тiлi

Жол журу тәрб1б1 туралы​ сценка. оган сценарий. чтобы было нормальным 50 ​

👇
Ответ:
Юличка111333
Юличка111333
24.02.2022

Жануарларды адамдарға ауыстырсан болады

Сценарий :

Көрініс. Жол бойында абай бол! (Музыка ойнап тұрады) Жолбарыс, Қонжық екеуіі жол шетінде футбол ойнап жүреді. Оларға велосипед мінген Тышқан мен Қоян келеді. Тышқан: -Сәлем Қонжық, Жолбарыс. Халдерің қалай? Қонжық: -Сәлем. Халіміз жақсы. Тышқан:-Қонжық, Жолбарыс сендер неге бұл жерде футбол ойнап жүрсіңдер. Бұл жерде ойнау қауіпті. Қонжық: -Ой , қойшы шиқылдамай. Біз жолда ойнап жүрген жоқпыз ғой. Жолбарыс:- Бар, өз жөніңмен кете бер. Біз өзіміз білеміз.Қонжық теп допты.(Осы кезде Қонжықтың тепкен добы жол үстіне домалап кетеді. Қоян оны аламын деп жүгіргенде, оны машина қағып кете жаздайды. Машина тежегішін басып әрең тоқтайды. Қорқып қалған Қонжықты Тышқан мен Жолбарыс оны жол үстінен алып шығады.Жүргізуші-аю машинасын жол жиегіне қойып, бірге келеді. Зәресі ұшқан Қонжық жылап жібереді). Қоян: — Жылама, Қонжық, жылама. Келесі жолы абай бол. Тышқан: Жол көліктің жүрегі, Машина көп жүреді. «Қауіп жоқ» − деп ойлама, Жолда футбол ойнама! Қонжық: -Сендер бізге ақыл айтасыңдар. Ал өздерің жолда велосипед теуіп жүрсіңдер. Тышқан: -Жоқ Қонжық біз велосипедті тек арнайы рұқсат етілген жерде ғана тебеміз. Әне рұқсат етілген белгісі тұр. Жолбарыс: -Ал жолдан қалай өтесіңдер?Машиналармен жарысасыңдар ма? Қоян: Жарысып-ақ кетер ек, Машиналар өте көп. Жолдан өтем асықпай, Велосипед жетелеп. (Полиция машинасының сиренасы естіледі) Осы кезде жол инспекторы келеді: -Сәлеметсіздер ме? Бұл жерде не болып жатыр? Тышқан: -Жол жиегінде футбол ойнауға болмайды десек, Қонжық пен Жолбарыс тыңдамайды. Жол инспекторы: — Жолбарыс, Қонжық Тышқан дұрыс айтады. Жолда сақ болу керек.

4,7(79 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Pechenka100500
Pechenka100500
24.02.2022
Қазақ халқының көптеген аспаптар бар. Олар адырна, домбыра, дауылпаз, жетіген.
Адырна. Қазақ халқының өте ерте заманынан келе жатқан көп ішекті аспаптарының бірі. Ежелгі заманында бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң - құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. 
Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақта асты - үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішектер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.
4,6(74 оценок)
Ответ:
Robchik
Robchik
24.02.2022
Мына мақаланы не бөлімін Тәуелсіздік күні (Қазақстан) дегенмен біріктіру ұсынылған. (Талқылауы)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
Тарихы 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
4,5(52 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ