ответ:Сөйлем мүшелері:Бастауыш, Баяндауыш, Анықтауыш, Толықтауыш, Пысықтауыш осыларға талдайсың.
Сұрақтары Бастауыш: Кім? не? кімдер? нелер?
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.
Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.
Анықтауыш:қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.
Толықтауыш:Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.
Пысықтауыш:Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?
Объяснение:
Қазақтың ұлттық киімдері.
Ұлттық киім-кешектеріміз – біздің құндылықтарымыздың бірі.Қазақ халқының киім үлгілері ертеден ешбір халықтан кем болған жоқ.Себебі,ол сан алуандығымен,ыңғайлылығымен ерекшеленеді.Біздің ұлттық киімдерді сый ретінде жақындарына сайласа,бірде ырым ретінде де киетін болған.Киіміздің өн-бойында,ою-өрнектерінде байтақ даламыздың тарихы жатыр десек те болады.Халқымыздың ұлттық киімдерін ерлер киімдері және әйелдер киімдері деп екіге бөлеміз.Ерлер киімдеріне: айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ және тағы да басқалары жатады.Ал әйелдер киімдеріне:көйлек, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрікті жатқызуға болады.Қазақ халқының ұлттық киімдерінің осынша әдемі болуы – елімізде қол өнердің дамығандығының белгісі.Дана халқымыз “терек – жапырағымен,
денең шүберегімен сұлу” деп айтып кеткендей,қазақтар жиындарда,той-думанда,тіпті соғысқа аттанарда да киім киістеріне мән берген.Мысалы:әйелдер қысқа көйлек кимесе,сал-серілер болса айшықты да сымбатты киіне білген.Олардың бөрік,тақияларында үкілері болған.Міне,осылайша қандай нәубет болса да қазақ халқы өз ұлттық құндылықтарын күні бүгінге шейін сақтап келді.
«Алаш Орданың» заңнамалық қаулылары:
1)Кеңес үкіметінің заңдарына қатынасы, 11-24 маусым, 1918ж.
Қаулы етеді: Кеңес үкіметінің Алаш автономиясы аумағында шығарған барлық декреттері заңсыз деп танылсын.
ХХ ғасыр басында Семей қаласының Жаңа Семей деген бөлігі Алаш автономиясының орталығы болып, «Алаш» деп аталғаны белгілі. Қазіргі заман тарихы құжаттамасы орталығының археографы Л. Қадырованың зерттеулері бойынша Семей облысының мұрағаттарында Алашорда үкіметінің, облыстық және уездік Алашорда комитетінің және Алаш қайраткерлерінің қызметтеріне қатысы көптеген құжаттар сақталғанын анықтадық.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Міржақып Дулатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.Лақап аты:Мир Якуб.
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері.
Халел Ғаббасов (1888 жылдың 1 қазанында Семей қаласында, қала жатағының отбасында туған) - Алашорда үкіметінің Семей облысынан сайланған мүшесі, Үкімет төрағасының орынбасары, Алаш қозғалысының көрнекті жетекшілерінің бірі, публицист, Алаш үні «Сарыарқа» газетінің кезектескен редакторы, мамандығы – физик-математик.
Райымжан Мәрсеков (1877 жылы Семей облысы, Өскемен уезі, Айыртау болысында туған, қайда, қашан қайтыс болғаны толық мәлім емес) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, заңгер, публицист, қазақтың мүддесін көздеп, қамын жеген ұлт ойшылы еді.
Биахмет Сәрсенұлы (1885 жылы Семей облысы, Зайсан уезі, Нарын болысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданы) - 1921 жылы) - Алаш қозғалысының қайраткері.
Алаш Қозбағаров (1917 жылы 23 қарашада Семей өңірі - 6 қаңтар 1996 жыл, Алматы) - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты.
Мұқыш Боштаев (1897 жыл, бұрынғы Семей облысы Павлодар уезі — 1921 жыл) — Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер.
Қазан университетінің заң факультетін бітірген (1917)