Объяснение:
Баланың құқықтары - баланың заңды құқықтары.
Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие кәмілеттік жасқа толмаған баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді.
ответ:Батыраштардың бағы жана ма?Батыраш ат баптаған, бәйгеге ат қосататын, өзі де жылқыны сүйетін жан. Бірақ та, өзінің сондай адам көре алмайтын, пасық мінезі бар еді. Өзінің сүйікті атын баптап, жеңеді деген сеніммен тұлпарын бәйгеге қосты. Жұлдыздай ағып келе жатқан Құлагерді көргенде, іш тарлығы оянып, оны өлтіруге бұйрық берді. Бытыраш бұл іске қалай барғанын өзі де түсінбей қалды, себебі Құлагерді олда ұнатып еді. Ақанның рухани медеу тұтқан серігін, бір пәсте өлтіріп, түбіне жетті. Бытыраш сияқты ақылсыз, арам пиғылды, іші тар адамдар бұл өмірде жетерлік. Ондай адамдар өз арам ойларын жүзеге асыру үшін барлығына дайын қаныпезер, жауыз адамдар. Батыраштай адамдардың жасаған жамандағы, бір күні өз алдынан шығар, бәлкім. “Біреуге ор қазба, өзің түсерсің” деп бекер айтпаған шығар дана халқымыз.Айы оңынан туын бағы жанып кетпесе, жолы бола қоймас!
Объяснение:
Ғылым таппай мақтанба...» - Абайдың 1886 ж. жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, кеңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бүл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз. 1909 жылғы жинақ пен 1922 ж. Қазанда жарық көрген басылымдарда бұл шығарманың кейінгі жылдарда бөлек туынды саналып жүрген «Интернатта оқып жүр...» дейтін өлеңге қосылып, біртүтас шығарма болып келетіні де тегін болмаса керек. Қазақ жастарын білім-ғылым үйренуге шақыру - «Интернатта оқып жүр» өлеңінде де ең өзекті идея. Мұнда ақын еңбексіз, ықылас-ынтасыз, мехнатсыз нағыз ғылым-білім қолға түспейді дей келіп, одан ары бірден негізгі ой желісін үздіксіз өрбітіп, оқудағы мақсат не, алған білімді не қажетке жұмсау керек, не істеу, қандай қызмет атқарған жөн болады деген мәселелер төңірегінде сез қозғайды.
Объяснение:
отметьте как лучший ответ поддержите меня)))