Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Объяснение:
Қазақстан- көпұлтты мемлекет,келісім мен бірліктің аясында 130 –дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында өмір сүруде. Қазақстан олардың да Отаны болып саналады.Сондықтан Қазақстан ұлттық мемлекеттің түрі болғанымен, барлық ұлттар үшін құрылып, қызмет атқаратын саяси ұйым. Өзге ұлт өкілдері Қазақстан жеріне XIX ғасырдың және XX ғасырлардың арасын қамтитын кезеңде қоныс аударғанын тарихи деректерден білеміз. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты еліміздегі өзге этностық ұлттар өз атажұрттарына жақсы өмір іздеп, немістер-Германияға, гректер-Грецияға, орыстар-Ресейге, украйндар-Украйнаға т.б. ұлттар көше бастады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің көрегендік саясатымен халықтар арасындағы бейбітшілікті сақтап,бір шаңырақтың астында бірлікпен өмір сүрудің ірге тасын алғаш рет 1992 жылы Алматыда болған Қазақстан халықтар форумында : « халықтар арасындағы достық ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді.Қазақстанда өмір сүріп жатқан әр ұлттың өз тілі,ділі, мәдениеті бар.Сондықтан форумды өткізуіміздің өзі соған дәлел. Жаңа институт- келісім мен бірліктегі Қазақстан Халықтар Ассамблеясын құруымыз керек » деген.
Дерек көзі: https://erketai.kz/tarih/ulttar-dostastigi/
Объяснение: