Абай Құнанбайұлы «Жаз»
Жаздыгүн шілде болғанда,
Қыз-келіншек үй тігер,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Бұрала басып былқылдап,
Ұзарып өсіп толғанда,
Ақ білегін сыбанып,
Күркіреп жатқан өзенге
Әзілдесіп сыңқылдап.
Көшіп ауыл қонғанда.
Сабадан қымыз құйдырып,
Шұрқырап жатқан жылқының
Ортасына қойдырып
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Жасы үлкендер бір бөлек
Ат, айғырлар, биелер
Әзілдесіп сылқылдап.
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Көлеңке қылып басына,
Суда тұрып шыбындап,
Кілем төсеп астына,
Құйығымен шылпылдап,
Салтанатты байлардың
Арасында құлын-тай
Самаурыны бұрқылдап.
Айнала шауып бұлтылдап,
Мылтық атқан, құс салған.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Жас бозбала бір бөлек
Ұшып тұрса сымпылдап.
Су жағалап қутыңдап.
Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады. 2019 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды.
Қазіргі уақытта астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 1 млн асады. Қала төрт ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр» ауданынан тұрады. Нұр-Сұлтан Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді. Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң. Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.
ответ:А ң арманы көп болады ғой. арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, адал, батыл әрекеттерге итермелейді. армансыз адам – ормансыз бұлбұл дейді қазақ халқы. ал мен «арманы жоқтың – жаны жоқ», - деп айтар едім. себебі, менің ойымша, жаны нәзік адамдар ғана армандай біледі.
Шынымен де, Адамға Алланың берген ерекше қасиеті — армандай білу. Ал, нені, қалай армандайсың — ол әр адамның өз өресіне, өзіне деген сеніміне байланысты. Асыл арман дейміз, асқақ арман деп, арасында орындалмас арман деп те қоямыз. «Арманың орындалсын», — деген тілекті жиі естиміз.