Өнер-білімге құштар жастарға қашанда жол ашық. бүгінде жоғары оқу орындарының студенттеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнаралық олимпиадаға қатысып, білім бәсекесінде өздерін көрсетуі үшін барлық жағдай жасалған. білім мен ғылым жолында тынбай енбектеніп, талаптанған тарму жастары бұл мүмкіндікті тиімді пайдалануда. жуырда солардың бір тобының ғылыми , зерттеулері мен тырнақалды туындылары алматы қаласында өткен университетаралық арнайы техникалық мамандық пәндері бойынша олимпиадада жоғары бағаланды. бүгінде ақпараттық технологиялар үстінде. сондықтан, бәсекеге қабілетті болу үшін техникалық мамандықтарды көбейту қажет. жалпы, жоғары білім алып, оны ғылыммен ұштастырамын деген түлектерге тараз мемлекеттік университетіндегі «автоматика және телекоммуникация» кафедрасы толық мүмкіндік береді. оған кафедраның барлық техникалық арнайы пәндер бойынша материалдық базасы, яғни, заманауи ақпараттық технологиялары сай.
Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. мақалдар;Алты аға бірігіп әке болмас, Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Әке балаға қарыз, Бала далаға қарыз.
Әке балаға сыншы.
Әкеден — ақыл, анадан — мейір.
Әкеден безген ұл болмас, Анадан безген қыз болмас.
Әке жүрегі таудан үлкен, Ана жүрегі теңізден терең.