М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
zannaeroshik505
zannaeroshik505
30.07.2022 11:52 •  Қазақ тiлi

Салыстырыңдар,
АЙТЫЛЫМ
1-тапсырма. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мультфильмін кері
3-тапсырмадағы мәтін мен мультфильмнің желісі
Қандай ұқсастық пен айырмашылық бар екенін айты
ар екенін айтыңдар.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
altynbekova2003
altynbekova2003
30.07.2022

Балалық шақ - ұмытылмас бал күндер. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылу ұялатады. 

Балалық шақ туралы шығармаға бала күніңіздің естеліктерін, сол кездегі арман-тілектеріңізді, қиял әлемінің көрінісін жазуыңызға болады. Басыңыздан өткен небір оқиғаның өзі шығармаға арқау болуға жетіп артылады. Себебі, бала өмірінің әр парағы қызыққа толы. Оған қоса, ата-анаңыздың қамқорлығы, жақындарыңыздың мейірімі, ата-әженің жүрегі елжірей еркелетіп, берген тәрбиесі де тілге тиек етуге тұрарлық зор дүние. 

Балалық қиялға не жетсін, шіркін! Бала күніңіздегі қаһарманыңыз, небір қиял-ғажайып оқиғалар, құбылыстар, барлығы да балғын шақтың тәтті күндеріне тән. Олар шығармаңыздан көрініс беріп жатса, кімге де болсын бала шағын еске түсіріп, тұла бойын ерекше сезім, сарқылмас саыныш кернейтіні анық.

4,6(98 оценок)
Ответ:
KateKeta
KateKeta
30.07.2022

Компьютердің пайдасы мен зияны.

Компьютер пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.

Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдалы жақтарын атап өтейік:

- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.

- Ғаламтордан қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.

- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.

- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.

Дегенмен компьютердің пайдасы мен қатар, зиянды жақтары да аз емес.

Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.

Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мысалға, кітап оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны "тәуелділік" деп айтсақ та болады.

Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.

Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.

Менің ойымша қаншама уақытты компьютерлік ойын ойнаумен өткізгеннен гөрі, сол уақытты спорттық ойындарға арнасақ, денсаулығымызға пайдасы зор болмақ.

Дегенмен де, менің ойымша компьютердің зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін. Бірақ мен өз денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан компьютерді тек қажет уақытында пайдалану туралы дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.

4,5(30 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ