Қазақстанның қызыл кітабы туралы.
Ұлы ақын Қадыр Мырза Әли атамыз "Қызыл кітап - тірі жан тимесін деп, хайуанатқа берілген қызыл мандат", - деп жаырлап кеткендей, Қызыл кітап - Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. Алғаш рет 1978 жылы жануарларға арналған, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.
«Қызыл кітапты» ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының бірнеше ғылыми - зерттеу институттарының ғалымдары ұзақ еңбек етіп, ғылыми – практикалық конференциялар ұйымдастырды. Қызыл кітапқа енетін әрбір түрге ғылыми түрде сипаттама беріліп, талқыға салынды.
Қызыл кітапқа белгілі бір түрде енгізу үшін ғалымдар әр жануардың немесе өсімдіктің бес санатын анықтаған:
I санат – жойылып бара жатқандар.
II санат – саны азайып бара жатқандар, жақын арада жойылып кетуі мүмкін.
III санат – сирек түрлер, қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер.
IV санат – белгісіздер, толық зертелмеген түрлер.
V санат – қалпына келгендер, қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер.
Бидай - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда алты түрі (Еділ бидайы, Полыпа бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Бидай қоңырбастар тұқымдасына жатады да, 22 түрді біріктіреді. Дәннің гүл қабықшаларынан ажыратылу дәрежесіне қарай барлық бидай түрлері жалаңаш дәнді немесе нагыз бидайлар жөне қабықты немесе полба бидайлары болып екі топқа бөлінеді. Жалаңаш дәнді (нағыз) бидайлардың масағы сынбайды, қалыпты жағдайда бастырғанда дәндері қабықшалардан жеңіл ажыратылады (жұмсақ, қатты, карлик, персикум, т. б. бидайлар). Қабықты (полба) түрлерінің масағы опырылғыш және бастырғанда өте қиын үгітіледі (спельта, мәдени бірдәнді, қосдәнді, зандури, т. б. бидайлар). Бидай түрлерінің ішінде барынша маңыздыларына жұмсақ және қатты бидайлар жатады. Бидай бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық - түліг болып табылады, сонымен қатар көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Азық - түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген бағалы қасиеттері бар. Бидай -дәні аса қуатты да құнарлы азық, оны сақтау да еш қиындық туғызбайды, бір жерден екінші бір жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп түрлі өнім алуға болады.