М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Asandyana
Asandyana
18.08.2021 06:10 •  Қазақ тiлi

Қазақ осы жатырқауды білмейтін төрт сөйлем әдісімен мәтін​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
саша17101
саша17101
18.08.2021

А мәтіні

1. В

2. С

3. Менің ойымша дұрыс. Әр адам кішкентай кезінен бастап бойжеткенде кім болам деген сұрақ мазалайды. Өзің жақсы көретін іспен айналысу, менің ойымша үлкен бақыт.

Ә мәтіні

1. С

2. D

3. Менің ойымша әр адам үшін ең басты құндылық, ол- отбасы. Осындай жарыстарды ұйымдастыру арқылы көптеген отбасылар өз өнерін ортаға салады. Сондықтан осындай жарыстарға қатысу отбасы үшін үлкен пайда тигізеді.

Жазылым

1 такырып

Үш тілді меңгеру

Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз аямай қаржы бөліп, түрлі іс - шаралар ұйымдастырып келеді. «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең - кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Ағылшын тілі әлемдегі ең кең тараған тіл. Шамамен бұл тілде жер бетінде бір миллиардтан астам адам сөйлей алады. Әлемдегі экономикасы дамыған мемлекеттер - Ұлыбритания мен АҚШ-тың мемлекеттік тілі. Сонымен қатар, ондаған мемлекеттердің ресми тілі.

Көп тілді меңгерген жастар көп тіл білу адамның мінезіне де, карьерасына да, өміріне де оң әсер ететінін айтып жатады. Өзге тілді білу жаңаша ойлауға және бұрынғы қалыптасқан пікірлеріңді одан әрі дамытуға үлкен септігін тигізеді. Жаңашылдыққа, объективті ойлауға жетелейді.

Объяснение:

4,4(19 оценок)
Ответ:
lalka137
lalka137
18.08.2021

Ұлтаралық қақтығыс түрлі ұлттардың, этникалық топтардың арасында тәуелсіздікке, саяси билікке ұмтылуға, жер дауына, діни, этникалық кемсітушілікке, т.б. себептерге байланысты туады. Қазіргі замандағы Ұ. қ-тың көрінісі ретінде Израиль — Палестина қақтығысын айтуға болады. Арабтар мен еврейлердің жерге таласуы 1947 — 48 жылдардан бастап қарулы қақтығыстар формасынан үздік-создық жалғасып келе жатыр. Ұлтаралық қақтығыстар қатысушы топтардың өшпенділігі мен жауығуы жағдайында өрши түседі. Мұны Түркиядағы күрд мәселесі де дәлелдеп келеді. Күрдтердің өздері жинақы тұратын аймақта Күрдістан мемлекетін құру мақсаты түрік-күрд қайшылықтарына себеп болуда. Батыс Еуропа елдерінде лаңкестіктің қаупін ислам дінімен байланыстырудың орын алуы мұсылман халықтарының өкілдерін қудалауға негіз болуда. Кейбір жағдайда жеке бір ұлттың шектен тыс шовинистік пиғылдары да Ұлтаралық қақтығысқа әкеледі. Мысалы, бұрынғы Югославия мемлекетіндегі сербтердің, албандардың шовинистік пиғылдары этн. тазалауға немесе екінші бір этнос өкілдеріне қарсы қудалаушылық саясат жүргізуге себепкер болды. Нәтижесінде Югославия халықтарының Ұлтаралық қақтығыстары біртұтас мемлекеттің ыдырауына алып келді. Әлемдік саяси қатынастарда Ұлтаралық қақтығыстар антисемиттік, яғни еврейлерге қарсы пиғылдарға байланысты да жиі қайталанды. Ресейде, Германияда, Италияда антисемиттік қырып-жоюлар, ұрып-соғулар болғаны белгілі. Ұлтаралық қақтығыстар ұлттық процестер мен ұлттық өмірдің құрамдас бөлшегі. Саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және ұлтаралық татулықты сақтау үшін үнемі Ұлтаралық қақтығыстарға себеп болатын қайшылықтар мен мәселелерді шешіп отыру қажет. Мысалы, Қазақстанда мемл. тіл мәселесінің шешілмеуі елдегі қазақ этносы өкілдерінің басым бөлшегінің ренішін тудыруда. Сол себепті, мемл. тілдің даму жолдарын қамтамасыз ету арқылы болуы ықтимал Ұлтаралық қақтығыстың алдын алуға мүмкіндік бар.

Объяснение:

Эссе

4,6(7 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ