Ұлыстың Ұлы күні Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы! Қазақ халқы да барша шығыс халықтары сияқты Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын үлкен құрметпен есте қаларлықтай тойлауды үрдіске айналдырған.
Қазіргі күн есебіне сәйкес, наурыз айының 22-і жұлдызы жаңа жылдың бірінші күні болып есептеледі. Күн мен түн теңеліп, күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайтын мерзім. Бұл күні қуанбайтын, шаттанбайтын адам болмайды, өйткені, наурыз – бірліктің, татулықтың, көктемнің, еңбектің, бақыттың мерекесі болып табылады.
Қазақ халқы үшін, бұл күн - өте қасиетті, киелі саналады. Әрбір қазақ отбасы үшін, Наурыз - жаңа жыл, ырыс-береке, мереке, жыл басы болып есептелінеді. Наурыз мерекесіне байланысты халық арасында жол-жоралар мен әдеп-ғұрыптар қалыптасқан. Адамдар таза киімдерін киіп, бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Көженің ішіне қысқы соғымның басы мен сүр еті салынады. Малдың басын, шекені қариялар мүжіп, құлағын балаларға кесіп беріп, қалғандары көжені талап ішеді. Наурыз тойына ғана тән бұл көже көпшілікке арналған мерекелік тағам. Ол жеті түрлі дәмнен дайындалады: сүт, ет, тұз, су, тары, құрт, жеміс, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосылып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынылады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол барша халықты татулыққа, бірлікке, жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа шақырады. Адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында тазарады, - деген, ұғым қалыптасқан.
1 мамыр
Мамырдың алғашқы күні Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылы наурыз айында Қазақстан халықтар ассамблеясы құрылып, бұл ұйым ұлтаралық ынтымақтастық пен татулықтың белгісі болып саналады.
Қазақстанның кең байтақ дархан даласында қаншама түрлі ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүріп жатыр.
Еліміздің барлық өңірлерінде бұл мереке аталып өтіледі. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» деген қағиданы ұстанған халық үшін бұл мерекенің орны ерекше. Ақсақалды қарттан кішкене сәбиге де бұл күні мерекелік шеруге қатысады. Бұл күні әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық – мәдени орталықтарының мүшелері ән айтып, би билеп, өз салт – дәстүрлерін көрсетеді.
Маған бұл мейрам ерекше ұнайды.
Абай Құнанбайұлы.
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады.
Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды.
Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы! Қазақ халқы да барша шығыс халықтары сияқты Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын үлкен құрметпен есте қаларлықтай тойлауды үрдіске айналдырған.
Қазіргі күн есебіне сәйкес, наурыз айының 22-і жұлдызы жаңа жылдың бірінші күні болып есептеледі. Күн мен түн теңеліп, күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайтын мерзім. Бұл күні қуанбайтын, шаттанбайтын адам болмайды, өйткені, наурыз – бірліктің, татулықтың, көктемнің, еңбектің, бақыттың мерекесі болып табылады.