Жомарт Атымтай — Шығыстың көптеген халықтары фольклорында кездесетін кейіпкер, өзінің қайырымдылығы мен жомарттығына сай аты жайылған, халық жадында құрметпен әспеттелетін адам.
6 ғ-да өмір сүрген деген жорамал бар. Түп-төркіні Тай тайпасының ақыны Хатим ибн Абдаллахқа (Хатим-Тай) саяды. Атымтай Жомарт туралы шығармалар ерте кезден белгілі. Олар сюжеттік, жанрлық сипатына қарай үш топқа бөлінеді:
1-топтағы шығармалар хикаяттық сипатта баяндалады. Онда Атымтай Жомарттың өмірі әңгімеленеді, оның жомарт болу себептері баяндалады.
2-топтағы шығармалар — таза қиял-ғажайып ертегілері. Олардың сюжеті бір-бірімен үндес. Мұнда Атымтай Жомарт — асқан бай, таусылмас қазынаның иесі. Оның жомарт болуы осыдан.
3-топтағы шығармалар — тұрмыс-салт ертегілері. Бұларда Атымтай Жомарт — келген қонаққа берер асы жоқ, тақыр кедей. Сонда да жомарт болып бейнеленеді. Адамға деген қайырымдылық, сүйіспеншілік — оның ең басты қасиеті екені ашыла түседі. Атымтай Жомарт туралы аңыз-ертегілер негізінен “Мың бір түннен” бастау алады. Қазақ тіліне аударылып, бірнеше мәрте басылған “Мың бір түн” оқиғалары қазақ оқырмандары арасына кеңінен тараған.[1]
Е.Сарымбаевтың аударып, толықтыруымен жарық көрген “Хикаят дастан Хатым-тайы” (1891; 1892; 1913; көлемі 88 бет) , Атымтай Жомарт аңыз-ертегісінің ішіндегі ең көлемдісі болып табылады. Қ.Шахмарданұлы жазған “Қисса-и Хатымтай — Жомарт” (1897; 1898; көлемі 8 бет), Ш.Жәңгіровтың айтуындағы ертегі жобасы (1914; көлемі 32 бет) баспа бетін көрген туындылар.
«Мамандығым – менің болашағым»
Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», — деп халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» деген атты дүниеде өз орнын табуға тырысады, яғни өседі, көреді, тәрбиленеді. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, таңдаған мамандықтарының қызығын көруге тырысады.
,Студенттердің айтуынша, оларды қазіргі таңда мемлекеттік «Дипломмен ауылға» сынды бағдарламалар қызықтыратынын, оқуды бітіргеннен кейін қайда барып қызмет атқарамыз? деген сұрақтарды да іздестіріп жүргендерін сөз қылды. Ал, тағы бір студенттер болашақта магистратураны әрі қарай оқығылары келетіні туралы, оған қалай дайындалу керектігін, тапсырудың жолдары туралы сұрақтарына докторанттар іс- шара барысында жауап берді.
Наурыз- ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Бір бала осы айда туылса оның аты Наурыз; Наурызбай; Наурызгул аталу керек.