«Қонақта» тақырыбына диалог құрастыру.
Жайнагүл: Сәлеметсіз бе, көке! Қош келдіңіз, жоғары шығыңыз, төрлетіңіз!
Жандарбек: Рахмет, жаным! Қалдарың қалай? Балалар өсіп жатыр ма?
Жайнагүл: Ия, бәрі аман – есен, ақырындап жүріп жатырмыз. Балалар сабақтан енді келу керек. Бізді мақтап жүреді екенсіз, тура тамақтың үстіне келдіңіз. Қолыңызды жуып, жайғаса беріңіз.
Жандарбек: Әрине, сендердей балаларымды мақтамағанда, қайтем?
Жайнагүл: Ауыл бәрі тегіс аман ба? Апам қалай?
Жандарбек: Ауыл – аймақ аман, мен жұмыспен келгендіктен, апаларың ауылда қалды. Ертең жұмысым бітсе, қайтуым керек.
Жайнагүл: Бірнеше күн жата тұрмайсыз ба. Демалыс күні сіз «ауылдан келді» деп туыстардың басын қосып, қонақ шақырып жіберейін. Қалада білесіз ғой, жұмыс күндері көбісінің қолдары тимейді.
Жандарбек: Көңіліңнен айналдым, алтыным! Әуре болма, қонақты келесі жолы шақырарсың. Әлі талай келемін ғой.
Жайнагүл: Ол не дегеніңіз, ешқандай әуре емес.
Жандарбек: Осының өзі қонаққа келгенімдей, құшақ жая қарсы алып жатсың.
Жайнагүл: Міне, отағасы мен балалар да келді. Қолдарыңды жуып, аталарыңа сәлем беріңдер. Сосын барлығымыз отырып, тамақ ішейік. Өзім білгендей бүгін ет асып едім. Сосын жаңа піскен тәтті бәліштермен ыстық шай ішейік...
Қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысып, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде ауқатты, дәулетті орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті. Қоғамда өмір сүру деңгейіне біліктілік, кәсіби дағдылар әсер етеді. Ғылыми деректер кәсіби мамандардың өмір сүру деңгейі жұмысшылардан.