М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
михаил303
михаил303
30.05.2022 15:54 •  Қазақ тiлi

Составить эссе "ғаламторды дұрыс пайдалану" с мақсат үстеу, себеп-салдар үстеу

👇
Ответ:
animetan200
animetan200
30.05.2022

Ғаламтор туралы пікір әртүрлі. Ол жайында көп айтылады. "Ғаламторды дұрыс пайдалану-мәдениеттің белгісі" бұндай пікірмен қалай келіспейсің, әрине дұрыс айтылған. Егер біз тек ғаламтордағы атысып, бірін бірі өлтіріп жататын ойындарды ғана пайдаландық дейік, онда біз бір қанішер, жауыз болар едік, немесе тек әдепсіз жарнамаларды ғана көрсек, онда не болады. Міне, сондықтан ғаламторды тек қажетіңе, дұрыс пайдалану -мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті, ғаламторда ұзақ отырсаң, алтын уақытың босқа жойылады, көзіңнің көру қабілетіне зияны тиеді, ойлау қабілетің бұзылады, бір сөзбен денсаулығыңа кері әсер етеді. Әсем табиғаттың, өмірдің әсемдігін, адамдардың  қадір қасиетін байқаудан қаласың. 

"Ғаламторды дұрыс пайдалану- мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті" деген пікірмен толықтай келісемін. Себебі, ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз, атап айтқанда ғаламторсыз елестету қиын. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Дегенмен, ғаламторды дұрыс пайдалана білеміз бе, бар мәселе осында. Дұрыс пайдалану дегеніміз - ең алдымен ғаламторға тәуелді болмай, яғни бар бос уақытыңды сарп етпеу керек деп ойлаймын. Одан кейін түрлі сілтемелердің барлығын баса бермей, абай болу керек. Өйткені қазіргі таңда ғаламторда алаяқтық кеңінен тарап кетті. Сондай алаяқ адамдардың қармағына түсіп қалмас үшін, бөгде сайттарға кірмей, байқау керек. Одан қала берсе, қазіргі таңда ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді. Міне, осының бәрі ғаламтордың кері әсері деп білемін. Бірақ, дұрыс пайдаланған ғаламтор таптырмас пайдалы құрал екені айдан анық. Себебі оның көмегімен біз кез келген құжатты басып, шығара аламыз; қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі бар;  Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі және әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.

Сондықтан да осынау пайдалы құрылғыны дұрыс әрі тиімді жағынан пайдалана білейік!

4,6(25 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
wereweek777
wereweek777
30.05.2022
"Еңбек" — адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңызды. Еңбектің әлеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатылары еңбек процесінде адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастар ерекшелігіне байланысты. 
4,8(35 оценок)
Ответ:
61551
61551
30.05.2022
1Қазақ хапқының .әйелдердің бас киімі?          сәуКеле
2.Алматы аумағында орналасқан көл   ?        алакӨл     
3.Қазақ халқының ұлттық ойыны   ?                        Көкпар
4 Тойларда қуаныш білдіретін ырым ?                    Шашу
5.Астана қандай көлдің жағасында орналасқан?   Есіл
6.Жыл басы болған жануар?                                    Тышқан
7.Қазақ халқының ерлердің киімі.                          шАпан
8.Киіз үйдің бөлшегі?                                                 Уық
                     
4,7(10 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ