1. Тұйық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Уақыт, мезгіл, кеш.
B) Ел, ер, ау.
C) Бала, дана, ғалым.
D) Орын, оймақ, отын.
E) Қант, кең, кел.
2. Қосымшасы дұрыс жалғанбаған қысқарған сөзді көрсетіңіз.
A) Ж. Жабаевпен.
B) ҚР БҒМ-да.
C) Педколледжге.
D) Медпунктте.
E) ИЛ-86 мен.
3. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысуын көрсетіңіз.
A) Көздің қарашығы.
B) Ғылымға үйрету.
C) Құмырсқаның илеуі.
D) Бүгіннен кейін барма.
E) Жақсылықты сезіну.
4. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
A) Жар жағасындағы үй бізге де ортақ.
B) Мен бала едім.
C) Ата-анамыздың бет-жүзін көрмейтінбіз.
D) Езілген еңсесі енді көтерілді.
E) Әке-шешеміз мал сауында жүретін.
5. Антоним сөздердің қай сөз табынан екенін анықтаңыз.
Жақсының бәрін өзім мақтан етіп,
Жаманыңды көрмесем екен деймін.
A) Етістік.
B) Күрделі сын есім.
C) Сын есім.
D) Есімдік.
E) Сан есім.
6. Тұйық буынға жалаң буын қосқанда пайда болатын термин
A) тұйық буын
B) жалаң буын
C) аралас буын
D) ашық буын
E) бітеу буын
7. Синонимдік қатарды белгілеңіз.
A) Ырыскелдіні адам танып болар емес.
B) Ырыс алды – ынтымақ.
C) Ұшақ өте тез әрі жылдам көтерілді.
D) Сұлтанмұраттың қолы Жәнібектің тізгініне іліккен.
E) Айтпақшы, менің алты атар наганым бар.
8. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөз қатарын белгілеңіз.
A) Ақсақал, қария.
B) Айлакер, әуесқой.
C) Айттыру, атастыру.
D) Айлықсыз, жалақысыз.
E) Аймақтық, өлкелік.
9. Қатыстық сын есімнен болған сөз тіркесін табыңыз.
A) Кішілеу қазан.
B) Жаман ой.
C) Таза бөлме.
D) Көк теңіз.
E) Көшпелі ел.
10. Сілтеу есімдігі бар сөз тіркесін табыңыз.
A) Әлденеге барды.
B) Сағат қанша.
C) Сол оқиға.
D) Өзін-өзі тексерді.
E) Бәріңе аманат.
11. Негізгі етістікті табыңыз.
A) Басқар.
B) Зарық.
C) Бірік.
D) Жарқыра.
E) Сұра.
12. Басыңқысында көмекші етістігі бар сөз тіркесін табыңыз.
A) Қағазды оқып шыққан еді.
B) Барып қайттым.
C) Ауылдың маңы терең сай.
D) Жүгіріп келе жатыр.
E) Ит терісін басына қаптады.
13. Есімшеден болған бастауышты табыңыз.
A) Мына жалпақ етек – толған қойлы ауыл.
B) Көл балыққа кедей емес көрінеді.
C) Оның айтып отырғаны – сол күнгі оқиға.
D) Алтай жайылымдары биыл ерекше.
E) Жақсы – ісімен жақсы.
14. Қыстырма сөзді табыңыз.
A) Әлбетте. Ең әуелі.
B) Әдейі. Соңында.
C) Былтыр. Меніңше.
D) Орасан. Ақырында.
E) Ілгері. Біріншіден.
15. Құрамы жағынан ерекшелігі бар сан
A) 20
B) 100
C) 11
D) 8
E) 9
16. Сызбаға қажетті ортақ атау : кісілік, білім, жолдастық
A) деректі зат есімдер
B) күрделі зат есімдер
C) түбір зат есімдер
D) туынды зат есімдер
E) жалқы зат есімдер
17. Толықтауыш қызметіндегі көнерген сөзді табыңыз.
A) Қараша үйден ханша шығар.
B) Ханда қырық кісінің ақылы бар.
C) Қисық арба жол бұзар, надан молда дін бұзар.
D) Асабасы жоқ асқа жарымас.
E) Ханның қырық уәзірі шу ете қалыпты.
18. Сөйлем тиянақты, нақты, ресми және мазмұны «тапсырма», «бұйыру» ыңғайында болатын стиль түрін анықтаңыз.
A) Публицистикалық.
B) Ауызекі сөйлеу.
C) Көркем әдебиет.
D) Ғылыми.
E) Ресми іс қағаздар.
19. Жасалу жолына қарай: Кедей-кепшік
A) Жақ-жітік
B) Жетер-жетпес
C) Азды-көпті
D) Кәрі-құртаң
E) Барлы-жоқты
20. Төл сөзді сөйлемдердің тыныс белгілері
A) нүктелі үтір, сызықша, нүкте
B) қос нүкте, үтір, сызықша
C) сызықша, көп нүкте, нүктелі үтір
D) нүктелі үтір, үтір, көп нүкте
E) қос нүкте, сызықша, нүктелі үтір
Саяхат және туризм.
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол - ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.
Келешекте "Туризм" мамандығын меңгеріп, тек Қазақстан қалалары ғана емес, сонымен қатар алыс шетелге де сапар шексем деп армандаймын және осы арманым іске асу үшін мен сабақты жақса оқып, шет тілдерін меңгеруім қажет.
Объяснение: