М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kavuzov01karamba73
kavuzov01karamba73
03.05.2022 10:59 •  Қазақ тiлi

Төмендегі мөлшер үстеулерімен және мөлшер мәнді тіркестермен сөйлем құраңдар

Сонша уақыт, мұншама халық, әжептәуір үлкен, йашылық алыс жер, ат шаптырым жер, сүт пісірім уақыт, қамшының сабындай қысқа ғұмыр. ​

👇
Ответ:
ilyapleshakov29
ilyapleshakov29
03.05.2022

Сонша уақыт дайындалып едім, босқа кетпеді, жақсы баға алдым. Мұншама халық жиналады деп ойламаппын, халқыма рахмет. Кешегі ыдыстан мынау ыдыс әжептәуір үлкен екен. Ертеде халық  бір-бірінен айшылық алыс жерде тұрған. Оның үйі мектептен ат шаптырым жер. Кеткеніне сүт пісірім уақыт өтті, ендігі жеткен болар. Осы қамышының сабындай қысқа ғұмырда тату - тәтті өмір сүрейікші.

Объяснение:

4,8(55 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nazarovradion
nazarovradion
03.05.2022

Мақалада ХV ғасырда өмір сүрген көрнекті философ-утопист, ақын, дипломат Асан қайғы бидің өмірі мен қызметі суреттелген. Көне жырау Асан қайғының есімі көптеген түркі халықтарының аңыздары мен ертегілерінде кездесетіні көрсетілген. Халық арасында оның «қайғы», яғни қайғы- қасіретті, қайғылы, сормаңдай атанғандығы, айтылған. Асан қайғы қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жəнібекті қолдағаны, олардың кеңесшісі болғандығы, өз шығармаларында халық тағдыры, хан билігінің əділ болуын қалағандығы көрсетілген. Бытыраған қазақ ру-тайпаларының бірлігі, топтасуы идеясын көтерген алғашқылардың бірі болғандығы жəне оның бұл мұңы «Жерұйық» атты шығармасында жырланғаны дəлелденген. Асан қайғының рухқа толы еңбектері, ауызша əдеби шығармашылығы халықтың мұңы мен сенімдерін білдіретін бірден бір құралы болғандығы туралы қорытынды жасалған.

4,7(54 оценок)
Ответ:
aveter256
aveter256
03.05.2022

Егемен Қазақстанның жаңа астанасында көркемдік маңызы мен ауқымы жөнінен қала орталығының бірегей сәулеттік ансамблі бой көтерді. Оның құрамындағы ең басты туынды – Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

Резиденция қала құрылысы ансамблінің композициялық және мазмұндық орталығы болып саналады. Астана сәулеттік кешенінің басты өзегін құрайтын негізгі орындары ретінде «Хан Шатыр» – «Бәйтерек» – «Ақорда» – «Бейбітшілік және келісім сарайы» – «Қазақ Елі» монументі бой көрсетеді. Сәулеттік ансамбльдің композициялық өзегі Ұлы даланың дәстүр сабақтастығының сақталуы идеясын, еуразиялық толеранттылық мәдениеттің жалғасуын және бүгінгі әлемдік өркениет биігіне ұмтылған қуатты Қазақстанның жасампаздығын нақтылы түрде айшықтап көрсетеді.

4,5(70 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ