1)Сізге басқа қаладан досыңыз келді және Сізге қаланы көрсетуді өтінеді. Өзіңіздің бірлескен демалыстағы іс-шараларыңызды жоспарлаңыз және ол туралы айтыңыз.
2)Мынадай жағдайды ойлап қараңызшы: Сіз супермаркетте келушінің біреуінің ақша төлемеуі үшін қандайда бір кішкентай затты тығып жатқанының куәсі болдыңыз. Сіздің әрекетіңіз қандай? Жағдайға түсініктеме беріңіз.
Алғашқы редакторы көрнекті қазақ ақыны Мұзафар Әлімбаев. Жауапты хатшысы Ә.Дүйсенбаев, бөлім меңгерушілері Б.Соқпақбаев пен Қ.Мырзалиевтар сүбелі үлес қосты. Қазір "Балдырған" журналын көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиев басқарады.
Журнал беттерінде А.Жаманбалаев, Н.Сералин, Қ.Ыдырысов, С.Қалиев, Қ.Жұмағалиев, Ш.Смаханұлы, Ж.Әбдірашев, М.Қабанбай, С.Жүнісов, Ф.Оңғарсынова т.б. ақын-жазушылар шығармалары басылып тұрды. Журнал айдарлары: "Бала тілі бал", "Кел, ойнайық", "Жаттап алу оңай", "Жұмбақтар" т.б. 20 ғасырдың 70-жылдары "Балдырған" таралымы 200 мың данаға жетті, қазір 30 мың дана.