С ТЕСТОМ!
1. Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Суыққа шыдамды. Ә) Белгілі кісі. Б) Жақсы оқиды. В)Қиын есеп.
2. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) Дарқан дала. Ә) Мұзға отырғызып кету. Б) Кедей-кепшік. В) Самал жел.
3. Есімді сөз тіркесін тап.
А) Олимпиадаға қатысу. Ә) Жарыста озу. Б) Жарыстың жеңімпазы. В) Дәптерге жазу.
4. Матаса байланысқан сөздерді көрсет.
А) Жылқыға шапты. Ә) Келешек ұрпақ. Б) Қатты ұстады. В)Еңбек нәтижесі.
5. Қабыса байланысқан сөздерді табыңыз.
А) Мектеп бітірді. Ә) Орындалған арман. Б) Хатпен хабарла. В) Жазылған еді.
6. Қиыса байланысқан тіркесті көрсет.
А) Қоян жүрек. Ә) Бүгін келді. Б) Менің еңбегім. В) Сіз білесіз.
7. Сөз тіркесіндегі меңгеруді тап.
А) Тасқа ұру. Ә) Өнегелі өмір. Б) Жас бала. В) Дананың сөзі.
8. Байланыс түрін анықтаңыз.
Кештете келді.
А) Қиысу. Ә) Жанасу. Б) Қабысу. В) Меңгеру.
9. Матаса байланысқан анықтауыштық қатынасты сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Жылқыға шапты. Ә) Жолдың жиегі. Б) Қатты ұстады. В) Балаша жылады.
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 66 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді дегендей кан майданга аттанган адамдар өз елін сүйгендіктен согыста жеңіп елімізді тәуелсіз етті.
Соғыс жылдары Қазақстан сонымен қатар миллиондаған босқындарды қабылдап, қол ұшын соза білді, әрі майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.