М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
barnyrossa
barnyrossa
01.11.2021 16:37 •  Қазақ тiлi

Берілген сөздердің мағынасын ашып, емле ережесі бойынша сөздердің соңғы буынына тиісті жұрнақтарды жалғаңыз.

АҚ, БАҚ, ЖАҚ, ҚР, ТМД, ҚазМұнайГаз, Қазтелеком. ААҚ.

АәА, АӘДИ, АӘК, АБЖ, АҚК, АЕЛ, АМТ, АПА, АХАТ, АШМ, АФК, АЭС, БДУ, БЖЗҚ, БЖК, БИН, ГМО, ДБ, ДТҰ, ЕДБ, ЕК (ЕС),

EK (ЕК), ЕҚЫК, ЕҚЫҰ, ЖИН, ЖОО, ЖШС, КХДР, Қаз АТУ, Қаз АУ, ҚазММУ, ҰБТ.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
hffyj95
hffyj95
01.11.2021
Абай (ибраһим) құнанбаев. (1845-1904) абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі. әкесі құнанбай өскенбайұлы бай, би және қазақ руларының ішіндегі беделді ң бірі болған. құнанбай қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған. құнанбай діншіл болған. мұсылман дінінің ықпалын күшейту мақсатын көздеп орта азияның діндар қожаларын, татар молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратқан. олардың мұсылманша оқытқан. өз ауылында ғабитқан деген молданы ұстап, абайды да оқытқан. абайдың сабаққа зеректігін байқаған соң, әкесі семей қаласындағы мұсылман имамы ахмет ризаның медресесіне берген. ол дін сабақтарына тарих, поэзия, , философия сияқты дүние тану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымның бағытын ұстаған болған. абай бұл медреседе 4 жыл оқыған кезінде араб, иран және орта азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен жақсы танысады. өзі үлгілерінен үйренген. абайдың жазу жұмысында үлгі еткені 19-шы ғасырдағы орыс әдебиеті болған. абай семейдегі медреседен кетер алдында үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. еліне қайтқаннан кейін де семеймен қатынасын үзбеген. семейге саяси көзқарастары үшін жер аударылған, орыс оқымыстылары н.и.долгополов және е.п.михаэлиспен танысып, орысша білімін терендете түсуге жәрдем алған. абай семейге келіп, айлап жатып гоголь атындағы кітапханадан көп кітаптар оқыған және ауылына да алып кетіп оқитын болған. абай дүние жүзінің басқа да ғалымдары мен жазушыларының еңбектерін оқиды. мысалы, ежелгі грецияның атақты ғалымы аристотельдің философиялық және әдеби шығармаларымен толық танысқан. атақты данышпан сократтың да шығармасын бәлген. абай в.г.белинскийдің еңбектерін ұнатып оқыған. а.с.пушкин шығармаларын оқып, үлгіге тартқан. «евгений онегин» романынан үзінділер аударды «амал жоқ, қайттым білдірмей» / «татьяна хатына»/ әнін шығарды. сондай-ақ и.а.крылов, м.ю.лермонтов, и.гете шығармаларынан да аударды. абай қазақтың ән-күй творчествосын жете білген. біржан сал, ақан сері, тәттімбет, жаяу мұса сынды халық композиторларын ерекше бағалаған. өзі «айттым сәлем қаламқас», «сұрғылт тұман», «қараңғы түнде тау қалғып» тағы басқа әндер шығарған. абай «атаның болма, ң бол» деп, жалпы түгел сүйетін, гуманизм биігіне шақырады. перевод после возвращения в страну под семипалатинском сообщения во главе. ссыльный в семипалатинск за политические взгляды, ученые н.и. е и долгополов.п. ознакомиться с михаэлиспен, получения знаний поступить в терендете . абай семей, обучающихся в деревню уехал и больше читал книги лежа месяцами в библиотеки имени гоголя. ученые труды других писателей, читает абая и мира. например, знаменитый ученый древней греции аристотель философские и ознакомления с произведениями. социологический анализ современных социальных процессов в бәлген гений знаменитого произведения. в абай.г. читал труды белинскийдің подобных средств. а.с. читать произведения пушкина, образец отказа от. «евгений онегин» отрывки из романа обратил «без подхода, без наблюдения за птицами» / «письма татьяны»/ песню. также и. а.крылова, м. ю. лермонтова, и. из произведений гете тоже обратил внимание. абая, казахская музыка] детально знал. биржан сал, акан сери, таттимбета, жаяу мусы, как особо ценится народных композиторов. «айттым сәлем қаламқас», «стальной туман», «горные вершины темной ночью» и другие, выпущенные песни. абая «сын деда мороза-не радуйся, будь сыном человека», что любит все человечество в целом, призывает к высотам гуманизма.
4,7(31 оценок)
Ответ:
salta19
salta19
01.11.2021

Тарихшы Хангелді Әбжанов мырза мақаласында «Елбасымыз ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – «Мәңгі ел» тұжырымдамалық идеологемасының жаңа әлемдегі, жаңа тарихи дәуірдегі заңды жалғасы» деп есептейді

Мәңгілік ұғым-түсінігі – барша адамзатқа ортақ қазына. Оның негізінде саналы-санасыз тіршілік иесінің өмірге, қоршаған ортаны игеруге құштарлығы жатыр. Мәңгілікке ұмтылған арман-мақсаттың нышанына, ескерткішіне Египет пирамидаларын, мәңгі қала Рим тәмсілін, суға батпайтын, отқа жанбайтын батырлар жайлы тарихқа дейінгі аңыз-ертегілерді жатқызуға болады. Біздің пайымдауымызша, әлемдік және дәстүрлі діндердің бастау-бұлағында да мәңгілікті бейнелейтін т тұр. Оның есімі – Тәңірі, Құдай, Алла, Бог, т.б.

Демек, байырғы түркі қоғамында дүниеге келген қысқа да нұсқа «Мәңгі Ел» ұстанымы, біріншіден, арғы бабаларымыздың адамзат өркениетіне, оның ақыл-ой қазынасына қосқан айрықша интеллектуалдық үлесін айшықтаса, екіншіден, адамдардың әрқайсының һәм баршасының мүддесін, әрекетін, ұрпағының сабақтастығы мен жалғастығын жарасымды үйлестіруге септесетін әмбебап формуласы. Үшіншіден, осынау кемел пайым-тұжырым қазақ жерінен, Ұлы Дала елінен ешқашан табан аударған емес. Ол Қорқыттың ажалдан қашқанынан тартып ақын Ж. Молдағалиевтің: «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деген өлең жолдарымен санамызға шегеленген. XVIII ғасырда Әбілқайыр ханның: «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті ақыр заман келгенше қазақ халқы бұл жерден ешқашан айырылмайды», ХХ ғасырда Ә. Бөкейханның: «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ» дегенінен де мәңгілікке нық сенім еседі.

2014 жылдың басында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел» деп жариялады. Осылайша кемел келешекке байсалды қадамдар жасау үстіндегі тәуелсіз Қазақстанның көздеген заманауи мақсат-мұраты артта қалған ғасырлар құндылығымен сабақтасып, жалғасып жатқаны, біз Еуразия түркілерінің қара шаңырағын ұстап қалған мұрагері болып табылатынымыз ресми дәйектелді.

Байырғы түркілерден жеткен «Мәңгі Ел» ұғым-түсінігінің мәні мен мазмұнын анықтап алу бүгінгі және болашақтағы ғылыми танымның нәтижесін дәйектеу бағытындағы бірінші қадам болып табылады. Біздің ойымызша, Күлтегін, Тоныкөк, олардың үлкен-кіші замандастары «Мәңгі Елді» идея ретінде де, манифест ретінде де тасқа басқан жоқ. Бұл ұғым-түсінікке халық пен тұлғаның, билік пен мемлекеттің пайда болғаннан соңғы демі таусылғанға дейінгі тағдыр-тәлейін сиғызды. Жарық дүниені қамтуы жағынан идеядан да, манифестен де әлдеқайда ауқымды. Өйткені идея дүниетанымның, ғылыми, көркем, т.б.с.с. ақыл-ойдың сүйенетін іргетасы, тірегі болса, манифистің мәнін жоғары билік немесе танымал күш тарапынан жарияланған бағдарламалық мәлімдеме құрайды. Орхон мұраларынан бұл екеуінің де белгілерін көруге болады. Дегенмен «Мәңгі Ел» сөзтіркесін бірінші кезекте тұжырымдама (концепция) мәртебесімен қабылдағанымыз жөн деп білемін. VIII ғасыр тұрғысынан келгенде, концепция дегеніміз - уақыт пен кеңістікке, үдеріс пен құбылысқа, бар мен жоққа, көк аспанның астындағы, қара жердің үстіндегі тыныс-тіршілікке тұтас көзқарас жүйесі.

Осы тұтас көзқарас жүйесі, құрамдас бөліктерінің бәрінің мәні бір ауыз «Мәңгі Ел» сөзіне сыйғызылған. «Мәңгі ел» тұжырымдамасы дүниеге келген VІІІ ғасырда байырғы түркілер саяси, экономикалық, әлеуметтік, өркениеттік дамудың биік шыңына көтерілген еді. Бұған Күлтегін тасындағы: «Тәңірі жарылқап, құтым бар үшін, нәсібім бар үшін өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Ығыр (болған) елдікті, ығыр (болған) қағандықты игі қылдым. Төрт тараптағы халықты бағындырып, бейбіт қылдым. Жаусыз қылдым. Бағынып менің қоластыма кірді. Ісін-күшін берді. Осындай төрді басқарып інім Күлтегін өзі бұл дүниеден өтті» деген жолдар айғақ-дәлел бола алады. Империялық шалқыған көңіл 753 жылы орнатылған Тариат (Теркін) мәтінінде де тұр. Онда: «Алдыңғы күн шығыстың [елі], одан соң ай туар жақтың халқы, [дүниенің] төрт бұрышының халқы күш-қуатын берер, [ойы] бөлек жауым болмады. Жайлар жайлауым, егін алқабым сегіз Селеңгі, Орхон, Тоғла суы (дария бойы), Телдү, Қарға, Борғу ол жерлермен, сулармен көшіп-қонып жүрдім» делінген екен. Осындай пайым-тұжырымды Тоныкөк тасындағы жазудан да оқуға болады: «Бұл түрік халқына жарақты жау келтірмедім. Шұбырған аттыларды жүргізбедім. Елтеріс қаған иелік етпесе, оған еріп мен өзім иелік етпесем, ел де, халық та жойылар еді. Иелік еткендіктен, қасиетті еліме иелік еткендігім үшін, ел де ел болды, халық та халық болды».

Сонымен, тағдыр анықтағыш ұлы идеологема геосаяси факторлардың мемлекет мұратына жегілген немесе дөп келген дәуірінде, халықтың әл-ауқаты жоғары ортада, елішілік бірлік пен татулықтың салтанат құруымен түзілді. Өз кезегінде ұлттық қауіпсіздігі бекем, сыртқы саясаты мен халықаралық байланыстары көрегендікке, парасатқа жүгінген, әскері сақадай сай мемлекетте оның қоғамға, мемлекетке, азаматтарға қуат беруші артықшылығы да, мүмкіншілігі де зорая түседі екен.

«

4,4(30 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ