Жастарымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең алдымен олардың білім деңгейіне ерекше мән беру керек.
Соңғы уақытта ел экономикасында едәуір экономикалық өсім байқалуда.
Қазіргі кезде елімізде кәсіпкерлерге оңтайлы бизнес орта қалыптастырылуда.
Қазақстан өзін "тәуелсіз мемлекет" деп жариялағаннан бері елімізде түбегейлі өзгерістер орын алды.
Қарапайым халықтың жағдайын жақсарту үшін әлеуметтік мәселелер қолға алынып жатыр.
Отбасылық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өңірімізде бірнеше қаржыландыру қорлары жұмыс жасап жатыр.
Үш тұғырлы тіл мәселесі қолға алынып, кешенді шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Мектебімізде инновациялық жаңғырту өткізу мақсатымен мектебіміздегі барлық компьютер сыныптары жаңартылды.
Бүгінгі күнде Қазақстан барша әлемге бейбітшілігі жарасқан берекелі ел ретінде танылып отыр.
Бұл елбасымыздың қажырлы еңбегінің арқасы деп білеміз.
Өмірде үлкен жетістіктерге жету үшін талмай еңбектеніп, көп оқу керек.
Маңдай термен жеткен әрбір жетістіктің қадірін сонда ған білесің.
Фантастика - ең ескі жанр. Қазақ ертегілерінің ғажайып кейіпкерлері: таусоғар, желаяқ, саққұлақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпірлер - өз заманындағы фантастикалық бейнелер. Аталмыш жанрдың түп атасы - ауыз әдебиеті. Ал біздің заманымыздың еншісі - ғылыми фантастика. Кезінде фантаст жазушыларымыздың қаламынан туған «робот» есімді темір адамдар жеті қат көктегі жұлдыздар әлемінде қадам басып, жер астына дейін сапар шекті. Кеңес дәуірінде осындай қиял-ғажайыпқа толы романдар, повестер, хикаяттар, әңгімелер жетіп артылатын. Олардың бәрі келешек пен өткен заманның құпияларын барлап, хал-қадерінше әдебиеттің, мәдениеттің дамуына ықпал етті.
Ал қазір ше? Қазіргі оқырман ондай қиял-ғажайыптарға сенуден қалып барады.
вот крч,сори но я думаю ты прочитаешь