1. Мотінді оқып, мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңдар.
10
Арғы ата-бабаларымыз аспан денелерін
зерттеп, аса құнды еңбектер жазған.
Орта Азияның ұлы астрономдары қатары-
на Әбу Насыр әл-Фарабиді, Әбу Райхан әл-Би-
руниді, Омар Һайамды, Мұхаммед Тарағай
Ұлықбекті жатқызамыз. Әл-Фарабидің мол
рухани қазынасының ішінде астрономияға
қатысты еңбектері де көп. Ал әл-Бируни Орта
Азияда жыл санаудың екі жүйесі болғанын анықтаған. Уақытты есептеу әдіс-
тері, жыл мен ай, апта мен күн есептері туралы айтқан. Омар Һайам күнтізбені
дәл жасаған. Күнтізбедегі жыл басы 22 наурызға сәйкес келеді. Ұлықбектің
үлкен ерлігі – Самарқанда үлкен астрономиялық обсерватория салдырып,
жұлдыздардың жаңа тізбесін жасауы.
( «Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан)
Би 18-ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы.
Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан