М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dalakovadg
dalakovadg
04.09.2020 05:26 •  Қазақ тiлi

Үйге тапсырма
“Үйде суды қалай
үнемдейсің?» жаңа сөздерді
пайдалана отырып өз
ойыңды жаз.​

👇
Ответ:
Gufka965
Gufka965
04.09.2020

Суды үнемдеуді әр адам өзінен бастаған жөн.Ата-анам,маған суды босқа шашпауға үйретті.Сондықтан мен үйде суды үнемдеу үшін,ыдыс жууға арналған ыдыс, шелек, ожау сынды ыдыстарды жиі қолданамын. Тіс тазалағанда суды босқа ағызып тұрмай стақанмен қолданамын.


Үйге тапсырма“Үйде суды қалайүнемдейсің?» жаңа сөздердіпайдалана отырып өзойыңды жаз.​
4,8(94 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nica123456789
nica123456789
04.09.2020

Адамның қалаған нәрсеге қол жеткізе алмауының себебі көбінесе жағдайлар емес, сонымен қатар мүмкіндіктерімізден толықтай пайда көруге кедергі жасайтын ішкі сеніміміз.Адамның мүмкіндіктері іс жүзінде шектеусіз.Ия,сіз өзіңіз қалаған нәрсеге ие бола аласыз:денсаулық, бақыт,мансап және т.б

Біздің қабілеттеріміз қайда жасырулы? Әрқайсымыздың ішімізде деп ойлаймын.Бұл - біздің миымыз. Ғалымдар дәлелдегендей,тіпті ең танымал ойшылдар оны 25% ғана пайдаланады екен.Қалған 75% қолданылмайды.Миымыздың көп қорын қолдану мүмкіндігі бізге не береді? Сіз таңқаларсыз, бірақ бұл адамды құдіретті етеді.

Миымыз біздің ойлау процестерімізді басқарғандықтан,мұнда әртүрлі деструктивті ойлар мен теріс көзқарастар болады.Және бұл дегеніміз,біз ішінен өзіміз қалаған нәрсеге жету мүмкіндігінен айырылып, өзіміз қалаған адам болуға кедергі жасаймыз.Біздің миымызда: "Мен ешқашан істей алмаймын ...","мен жеткілікті түрде жақсы емеспін...» және тағы басқалар сияқты ойлар бар. Бірақ тәжірибе көрсеткендей адам осындай күмәндардан айрылса,өзіның биікке қалай көтерілгенін де байқамай қалады.Бұған мысал ретінде, Гиннестің рекордтар кітабындағы көптеген атақты адамдардың іс-әрекеті.Өткен ғасырда өмір кешкен Трояны ашқан ғалым Шлиман 22 тілді білген екен. Моцарт 5 жасында симфония жазса,тас керең Бетховен өлмес классикалық музыкалық шығармалар қалдырды.Олардың құпиясы қарапайым:олар өздерінің қабілеттеріне күмәнданбаған.

Және бұл адамның физикалық қабілеттеріне де қатысты.Көпшілігіміз ауыр машина көтеру үшін жеткілікті физикалық күш сезінбейміз.Бірақ дөңгелектің астына түсіп қалған балаларды құтқаруға тырысатын аналар ауыр автомобильдерді өз күштерімен көтерген жағдайлар бар.Олар күнделікті өмірде бұны ешқашан істей алмаған еді,бірақ стресстік жағдайында баламды құтқарам деген оймен олардың барлық шектеулі көзқарастары жойылып кеткен.Осындай мысалдар өмірде өте көп.

Қорытындылай келе,біздің санамыздағы шектеулерді өзге емес,өзіміз орнатамыз.Біз өзімізді жеткіліксіз талантты, табысты,күшті, бақытты деп санамаймыз.Осындай кедергілермен күресуге,оларды керісінше ауыстыруға және осылайша қажетсіз кедергілерді жоюға болады. Біз өзімізді өзіміз ғана жаратамыз және біздің болашағымыз тек өзімізге байланысты.

4,8(51 оценок)
Ответ:
eminimanov198
eminimanov198
04.09.2020
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық.
4,4(6 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ