М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
eva10072008mailru
eva10072008mailru
13.03.2023 01:45 •  Қазақ тiлi

Тақырып бойынша диалог құрай алады.
Диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын біледі.
Тапсырмаларды орындай алады.

Жаңа сөздерді меңгерту
Шеберлік, данышпан, надандық, рақымшыл, сипатта
Өнерпаз, суретте, әділетсіздік, таңырқа, талаптан

Сұрақтар:
1.Бейнебаянда кім туралы айтылады? 2.Абай – кім?
3. Абайдың қандай шығармалары бар?

3 тапсырма 83 бет
Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқы.
Дескриптор:
1.Мәтінді толық оқиды.
2.Мәтіннің мазмұнын түсінеді.

3-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып қой. Мәтін бойынша жоспар құр.
Абайдың әкесі — Құнанбай оқуды, білімді бағалаған. Ол өзінің балаларын қалаға жіберіп оқытқан. Анасы — Ұлжан сабырлы, тапқыр адам болған.
Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған. Әкесі Абайды он жасында
оқуға берген. Ол Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқиды. Кітапты бір рет
оқып, екінші рет кітапқа қарамай, жатқа айтып шығатындай зерек, ұғымтал
бала болған. Ол көп талаптанған. Абай медреседе Науаи, Сағди, Физули
сияқты ақындардың шығармаларымен танысқан. Ол мұсылманша оқумен
шектелмей, Семей қаласындағы Приходская школаға түсіп, орысша да оқи
бастаған.
Сабақтарды оқып, білу Абайға оңай болған. Сондықтан барлық уақытты
өз бетімен кітап оқуға жұмсаған.

5 тапсырма 84 бет
Дескриптор:
1.Мәтін бойынша берілген диалогты толықтыра алады.
3.Диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын біледі.

5-тапсырма. Диалогті толықтырыңдар.
— ?
— Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған. ?
— Абай он жасында Семей қаласына оқуға келген.
— ?
— Ол Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқиды. ?
— Ол өте ұғымтал бала болған.
— ?
— Абай медреседе Науаи, Сағди, Физули сияқты ақындардың
шығармаларымен танысқан.

Не білгім келеді?
Не білемін?
Не білдім? сұрақтарына жауап беру арқылы кері байланыс береді.

👇
Ответ:
niavente
niavente
13.03.2023

1*Бұл сұраққа жауап беру үшін бейнебаян көру керек

2*Абай-қазақтың ұлы ақыны,жазушысы,қара сөздер авторы

3*қара сөздері, «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау»

Объяснение:

остальные я не поняла

4,5(55 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
H3RURG
H3RURG
13.03.2023

Шығарманың композициялық құрылымы.

Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бөлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жинақы келуі жекелеген бөлім бөлшектердің орынды жалғасуына байланысты.

Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап таңдай білу, оларды өлшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәніді, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады.

Композицияның көркемдік қуатылығы  - әдеби шығармада не айтылғандығы қандай маңызды болса, нені қай (кезде) айту, әртүрлі жағдай, уақиғаның, іс-әрекеттің қайсысын кейінірек баяндау-бұлардың да мәні үлкен. Айталық, басты кейіпкер шығарманың өн бойында үлкен жігерлілік, алғырлық танытып келіп, ал енді ең соңында өмірден торығып, түңілгендей болса, бұдан туатын әсер бір түрлі де, егер осындай торығу, өзін әлісз сезіну шығарманың орта тұсында болып, кейіпкер қайта сергіп, серпіліп, өзінің ширақ, күрескер қалпына келген болса, шығарманың соңында ол осындай күйде болса, мұның оқырманға әсері мүлде басқаша болатыны түсінікті.

Әдеби шығармадағы жеке бөлім, тараулар оқиғалардың астас, жалғастығы, кейіпкердің ортақтығы арқылы бірігіп, тұтасып жатады. Композициялық тәсілдер алуан түрлі. Солардың іінде екі нәрсені салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы қойып суреттеу жиі кездеседі. Бұларға қоса, шығарманың композициялық құрылысын белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: уақиға автордың, автордан басқа бандаушының атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған жағдайлар шығармадағы кейіпкерлердің көзімен көрген қалпында алынып, соның ұғым-түсінігі арқылы берілуі.

Шығарманың композициялық құрылысы:

1. Сюжеттің басталуы.

2. Сюжеттік байланыс.

3. Шиеленісуі.

4. Шарықтау шегі.

5. Шешімі.

4,6(47 оценок)
Ответ:
GoldCoin
GoldCoin
13.03.2023

Қар барысы: Барыс – Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Саны 200-ден аспайды. Жылдан-жылға азайып бара жатыр. Себебі – азық қорының азаюынан саны кемуде. «Қызыл кітапқа» енген, қорғауға алынған.

Қоқиқаз (лат. Phoenicopterus) - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Қоқиқазтәрізділер сабы (лат. Phoenicopteriformes) және қоқиқаздылар тұқымдасының (лат. Phoenicopteridae) жалғыз туысы. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды.

4,7(63 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ