М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
anton12535
anton12535
18.11.2022 02:08 •  Қазақ тiлi

Тоқаш сөзіне дыбыстық талдау жасау ​

👇
Ответ:
olesyaandreeva1
olesyaandreeva1
18.11.2022

тоқаш-(5 əріп,5 дыбыс,2 буын)

т-дауыссыз,қатаң

о-дауысты,жуан

қ-дауыссыз,қатаң

а-дауысты,жуан

ш-дауыссыз,қатаң

4,4(23 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Rexis808
Rexis808
18.11.2022
ҮНДЕСІМ (ҮНДЕСТІК) ЗАҢЫ — буын не сөзқұрамындағы дауысты, дауыссыздыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Тілде сөздің құрамындағы дыбыстарды (дауысты, дауыссыз) ұйыстырып, бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс. Ондай құбылыс туыстас тілдер тобына ғана тән. Үндестік заң дыбыстарды алдымен буынға (егер сөз бір буынды болса), содан кейін буындарды сөзге (егер сөз екі не көп буынды болса) біріктіреді. Үндестік заңы қазақ тілінің іргелі заңдылығы болғандықтан, оның ықпалы тілдегі дыбыстардың айтылымы мен естілімінде басым болады. Осы тұрғыдан дыбыстар төрт топқа бөлінеді: 1) жуан езулік әуез дәйекшесіз ([]) беріледі. Мысалы, ата, қызық, алыс, т.б.; 2) тік таяқша ([]) жіңішке езулік әуезді: мыс., әже, егін, бірлік, т.б.; 3) дөңгелекше () жуан еріндік әуезді: мыс., қол, бұрұм, орұн, т.б.; 4) тік таяқша мен дөңгелекше () жіңішке еріндік әуезді көрсетеді: мыс., күн, көлүк, түлкү. Буын не сөздің үндесім әуезі сол буын не сөз құрамындағы дыбыстардың жасалымы өзара үйлескен, естілімі өзара үндескен тіркесін құрайды. Дәстүрлі қазақ тілтанымындағы (түркологияда) фонетика ережеде Үндестік заңын дауыстылардың үндесуі деп түсіндіріп келсе, қазақ тілінде тек дауыстылар ғана үндеседі, ал дауыссыздар көрші дауыстының ықпалында болады делінген. Сонымен қатар дыбыстардың бір-біріне ықпалын да сингармонизм заңдылығына жатқызып келді. Дауыссыз дыбыстардың арасындағы ілгерінді ықпал бойынша (мысалы, әліпби-әліппи, құр қалу-құрғалу, көкбет-көкпет, т.б.) алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссыздың айтылымына (артикуляциясына) әсерін дауыссыздардың сингармонизмі деп атайды. Зерттеу нәтижесінде сөз құрамындағы дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып айтылуы сөз просодикасына байланыстылығын көрсетеді. Қазақ тілінің сөз просодикасы үндесім болғандықтан, ол сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарға бірдей тең ықпал етеді.
4,4(42 оценок)
Ответ:
arsenhcik
arsenhcik
18.11.2022

Кейбір шет мемлекеттерден әкелінетін киімдердің бағасы қолжетімді болғанмен, көңілге қонымсыз.

Амалдың жоқтығынан қыз-келіншектер күнделікті киюге қолайлы, заманауи үлгідегі ұлттық киімдерді тиімді бағаға іздемтіреді. Себебі сәнді және үйлесімді киіну-қазіргі заманның талабы. Бірақ, менің ойымша, сәнді киіну үшін көп қаражат қажет емес. Әр маусым аяқталғаннан кейін ірі сауда орталықтарында арнайы жаппай сатулар өткізіледі, мысалы, біз осындай сатуларда бізге ұнаған киімдерді отбасымен жиі сатып аламыз. Мысалы, классикалық үлгідегі киім немесе сәнді емес шалбар-бұл киімнің түрлі ілгіштері бар күрте.

Ұнаған ұлттық үлгідегі киімді алайын десе қымбат. Сатушының уәжімен айтсақ, "қолдан жасалған бұйымның бағасы соған лайық". Талғамы мен қалтасындағы теңгесі үйлесім таппаған соң, барымен базарлайды.

Әлеуметтік желіде де ұлттық нақышта безендірілген, заманауи үлгідегі киімдердің жоқтығы қызу талқыға түсіп жүр. Желі қолданушылар арасында әйелдердің жасына лайық киім киюі – өзгелерге үлгі, өзіне деген құрметті білдіреді дейді.

4,8(15 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ