қыстың желтоқсан жұлдызы. қар көптен жауып, нағыз қыс болды. күн әбден қысқарған. күннің көзі көрінсе де жылынбайды. өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. қалың қардан шөптің басы көрінбейді. қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. ң өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. сабаққа мезгілімен жүретін ң да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.
Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана».