М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
babikahenjudzao
babikahenjudzao
27.02.2023 10:01 •  Қазақ тiлi

тапсырма. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне тала. Дәптермен жұмыс.
Письменная работа
( синтаксический разбор предложений)
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы,
Шамалған ауылы, Үш қоңыр жайлауында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия
комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады. Бірақ Президент спортқа
әрқашан уақыт табады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев – гольфшы.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
plplem9999
plplem9999
27.02.2023

Қазақстан - біздің Отанымыз.  

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.  

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.  

Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.  

Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.  

Менің туып - өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және пайдалы қазбаларға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.  

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.  

4,6(75 оценок)
Ответ:
Redob
Redob
27.02.2023
Пословицы о Родине

1. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.

2. Өз елім, өлең төсегім.

3. Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.

4. Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.

5. Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.

6. Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.

7. Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.

8. Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.

9. Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.
4,8(33 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ