Бірінші орыс революциясы жеңіліс тапқаннан кейін Қазақстанда да реакция кезеңі басталды. Ол Қазақстанға қоныс аударған шаруалар тасқынының санының арта түсуінен, қаражүздіктер ұйымдарының озбырлық іс-әрекеттерінен айқын көрінді. Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығы күйзеліске ұшырады. Міне, осы жағдайда қазақ зиялылары ұлттың сана-сезімін жаңғыртуға бағытталган қызметін күшейте түсті.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов бүкіл саналы ғұмырын өз халқын отаршылдық езгіден азат етуге, тәуелсіз мемлекет құруға, ел-жұртына білім беріп, оны гүлдендіруге арнады
Арал апаты – Арал теңізінің тартылуына байланысты Орта Азия мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамдарға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық, әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай, Шардара, Сарықамыс сияқты көптеген жасанды су қоймаларының пайда болуы – Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтты. Ауаның ылғалдылығы (жаз, күз айларында 9%-ға дейін) азайып, жазы құрғақ та ыстық (шілдеде 45ӘС-қа шейін, 1985), қысы суық (47ӘС-қа шейін, 1986) болатын жылдар мен күндер көбейді. Өзен жағалауындағы суармалы егістерде (негізінен мақта мен күріш) және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңізіне құйылып, теңіз түбіне 1 млрд. тоннадан астам улы шөгінділерді әкелді. Сөйтіп су тұздылығының артуы (1 литрде 35 мг, 1996) нәтижесінде су түбіне шөккен тұз шөгінділері пайда болды. Көлемі 4 млн. гектарға жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын теңіз түбінен көтерілетін 70 млн.
Жауабын таптынызба?
Объяснение: