Қыс – мезгіл ішіндегі ең пәк, ең ажарлы, ең сұлуы. Кең даланы ақ көрпеге орап, ақ дүниенің кіршіксіз белгісі болып жататын ақ қардың аңғалдығы, күн түссе еріп кететін нәзіктігін-ай!
Басқан сайын табаныңа жабысып, қытырлаған дауыс құлағыңа жеткен кезде құрышы қанып, көңілі босап сала беретіні де рас. Бұл – аппақ қардың дауысы. Қылышын сүйретіп келген қыстың аязы бетті қарыса да, тоңдырса да жаныңызда бір жылулық бар. Бұл – мезгілдің адамға әсері.
Қыс – балалық шақтың естелігі. Қыс – аппақ қар секілді кіршіксіз сезімдердің бастамасы. Шанасын көтерген балақайлар, олардың жүзіндегі қуаныш, қамсыз көңіл – бәрі-бәрі адамды бей-жай қалдырмайды. Қыстың самалына тоңған сыңай танытып, құшағыңызға тығылған сүйіктіңізді көргенде әлем сіздің алақаныңызда тұрғандай күй болады. Көктем бүр жарған сезімдерді қайта оятушы болса, қыс сол нәзіктікті ұстайтын, берік ететін мезгіл.
Бәріңізге қайырлы таң!Бүгін біздің таңғы шоуымыздың қонағы тарихшы апайымыз.
-Сәлеметсіз бе?
-Сәлем берді
-Мен ежелгі Қазақстан жайлы білгім келіп еді сол жайлы айтып бересеңіз?
-Қазақстан тарихы тереңде жатқан ел. Ежелгі Қазақстанды Ұлы дала өркениеті деп атауға болады. Қазіргі таңда Қазақстанда 45000 өзен және 85000 көл бар. Және Қазақстанда тарихи,ежелгі таулар бар. Біздың "Ұлы даламыз" екі құрлықтын басын қосқан жер.
Ұлы дала өркениеті осыдан 1000 жыл бұрын пайда болған. Бұл жерде түркілер мекендеп,жабайы аңды қолға үйреткен.Міні сіздерге аз деген мәлімет айттым.Естеріңізде сақтаныздар!