Әже туралы диалог
- Еркебұлан, қайда асығып барасың? Бірдеңе болып қалды ма?
- Әжеме көмектесуім керек еді, дүкенге бармақшы едік, соған асығып барамын.
- Мені сыртта ағам көлікпен тосып тұр, асығыс болсаң, сені жолай жеткізіп салайық?
- Тамаша болушы еді, көп рахмет, Марғұлан!
- Оқасы жоқ. Бізде үнемі атамыз бен әжемізге көмектесіп тұрамыз. Ал әжем болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады. Жүр, онда тезірек есік алдына шығайық.
- Ия, дұрыс айтасың. Әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар ғой.
- Мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын. Тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті.
- Ия, менің де бұл жайлы естуім бар. Жақсы дәстүр деп есептеймін. Себебі, үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп.
- Ия, толықтай келісемін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Өз басым ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын.
- Әңгімелесіп отырып, қалай келіп қалғанымызды да байқамай қалыппын. Үлкен рахмет!
- Жақсы, оқасы жоқ.
«Танысу» диалог.
Мейрамбек: Сәлем, кітапхана қай жерде екенін айтып жібермейсің бе? Таба алмай жүрмін.
Алдияр: Сәлем. Осы дәліз бойымен жүріп, оңға бұрылсаң, «Кітапхана» деген жазуды көресің.
Мейрамбек: Көп рахмет!
Алдияр: Оқасы жоқ. Біздің мектепке жаңадан ауысып келіп жатырсың ба?
Мейрамбек: Иә. Отбасымызбен Қарағандыдан көшіп келдік.
Алдияр: Қош келдің! Танысып қояйық. Менің есімім – Алдияр.
Мейрамбек: Мейрамбек. Өте қуаныштымын.
Алдияр: Көмек қажет болса, айтарсың. Мен 6 «А» сыныбында оқимын. Дос болайық.
Мейрамбек: Рахмет, Алдияр. Әрине, дос болайық!
құйып тұр көме к тесіп тұр егіп отыр