1-тапсырма. Мәтінді оқып,аудару. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы»Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы» еңбегі 2006 жылы жарық көрді. Н.Ә. Назарбаев – іскер саясаткер және көреген көшбасшы. Ол өзінің кітабында Қазақстанның мемлекет болып қалыптасу жолындағы әртүрлі кезеңдеріне тоқталады. Кітап 9 тараудан тұрады. «Тәуелсіздік стратегиясы» деген тарауда Елбасы 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын айқындап берді. Қазақстанның түрлі бағытта дамуына арналған әлеуметтік, саяси-экономикалық бағыттағы тапсырмалары берілді. Н.Ә. Назарбаев еліміздің болашағы білімді жастардың қолында деп есептейді. Отанды сүю және оған қамқорлық жасау – әрбір қазақстандықтың міндеті.2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр !
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.